Жануарларды қорғауда бақылауды дұрыс жүргізбеген басқарма басшысы сөгіс алды

3 Қараша 2020, 14:57
1567
Бөлісу:
Жануарларды қорғауда бақылауды дұрыс жүргізбеген басқарма басшысы сөгіс алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қалалық Орта сапасы және бақылау басқармасы басшысы Дәулет Досқұловқа жануарларды қорғау саласындағы заңнамалық актілердің әзірленуі мен қабылдануына тиісті бақылаудың болмағаны үшін сөгіс жарияланды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. 

Жануарларды ұстау жұмыстарын күшейту туралы «Ашық құқықтық актілер» порталына жүктелген құжаттың жарамсыз екендігін хабарлаймыз. Қаңғыбас жануарларды ұстау және аулау ережелерін қатайту мәселесі қалалық әкімдікте қаралмайды. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң қабылданғаннан кейін оны жүзеге асыруда жануарларды қорғау ұйымдары өкілдерінің пікірлері ескеріліп, құқықтық актілер қабылданатын болады, - делінген таратылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы