Министр: «Халық арна» жақсылықтың жаршысына айналсын

3 Қараша 2020, 20:30
1607
Бөлісу:
Министр: «Халық арна» жақсылықтың жаршысына айналсын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Халық арна» телеарнасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. 

Осы орайда, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы мен «Халық арна» телеарнасының ұжымын осы тарихи оқиғамен құттықтады.

Қазіргі ақпараттық технологиялар ғасырында заманауи тәсілдерді пайдаланып, оны халыққа жеткізу кезек күттірмейтін үрдістің бірі болуда. Қоғамда адамзатты ізгілік пен бірлікке бастаушы – өнегелі сөз болса, оны халық назарына жеткізуші – телеарна. Қазақстан халқын, соның ішінде өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, ізгілік пен адамгершілікке тәрбиелеуде телеарнаның маңызы өте зор деп білемін. Әсіресе, жастардың бойында зайырлы мемлекеттің қағидаттарына сай келетін діни сананы қалыптастыру, сондай-ақ теріс діни ағымдардың арбауынан қорғау мақсатында телеарна қомақты үлес қосып, діни-рухани саладағы жетекші арналардың бірі болады деп сенемін, – деп жазды минстр әлеуметтік желідегі парақшасында. 
Сондай-ақ, минстр телеарна ұжымына шығармашылық табыстар тіледі.
Теларнада дәстүрлі дінмен қатар, мәдени танымдық бағыттағы көрсетілімдерге орын берілгені қалың жұртшылықты қуантады. Себебі, тарихтан тәлім алған жастарымыз ата-бабалар ұстанғтелеарнаның ұжымына шығармашылық табыстар тілеан дінді, сан ғасырдан бері сабақтасып келе жатқан салт-дәстүрлерін ардақтап, ерекше құрметтейтін болады. Осы ретте, ймін. «Халық арна» жақсылықтың жаршысына айналсын, – деді Аида Балаева.
Айта кетейік, бүгін ҚМДБ «Халық арна» деп аталатын өз телеарнасын ашқан болатын.
Өзгелердің жаңалығы