БҰҰ Қарабақтағы қақтығысқа кінәлілерді жазалауға шақырды

3 Қараша 2020, 04:26
1379
Бөлісу:
БҰҰ Қарабақтағы қақтығысқа кінәлілерді жазалауға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарабақтағы үздіксіз атыс халықаралық гуманитарлық құқықты бұзады және оны әскери қылмыстармен теңестіруге болады. Бұл туралы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Мишель Бачелет осылай мәлімдеме жасады.

Бірнеше рет бейбіт тұрғындарға түрлі инфрақұрылымдарға зиян (шығын) келтірмеу немесе болдырмау керектігі жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Оның орнына үйлер қирады, көшелер қирандыларға айналды, адамдар қашуға мәжбүр болды немесе жертөлелерден қауіпсіздікті іздеді, – деді М.Бачелет.
БҰҰ өкілі тараптарды мұқият тексеріп, кінәлілерді жазалауға шақырды.

Қарабақтағы жағдай қыркүйек айының соңында шиеленісе түсті. 27 қыркүйектен бері қақтығыс жалғасып келеді. Екі тарап жанжалдың басталуына бірін-бірі кінәлайды.


Өзгелердің жаңалығы