Сыбайлас жемқорлықпен күресте ғылыми сарапшылар не үшін қажет?

3 Қараша 2020, 12:33
1897
Бөлісу:
Сыбайлас жемқорлықпен күресте ғылыми сарапшылар не үшін қажет?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осыдан бір ай бұрын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі ғылыми сарапшылар байқауын жариялаған болатын. Бүгін агенттікте өткен брифинг барысында Парасаттылық департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлтан Бекинов байқау нәтижесі мен мақсаты туралы айтып берді. 

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында жүргізіліп жатқан алдын алу жұмысына және нормативтік құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау жүргізу қажеттігіне назар аударды. Ғылыми сараптау нормативтік құқықтық актінің жобасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды анықтау және анықталған сыбайлас жемқорлыққа бейім нормаларды жоюға бағытталған ұсынымдар әзірлеу мақсатында жүргізіледі.


 

Тура бір ай бұрын осындай брифингте біз төрт кезеңнен тұратын сарапшыларды конкурстық іріктеудің басталғаны туралы жариялаған болатынбыз. 211 адам сарапшы ретінде қатысуға және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге жеке үлес қосуға ниет білдірді. Алайда олардың кейбірі агенттік талаптарына сай келмеді, біразы тестілеуден өтпеді. Нәтижесінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұсынымы негізінде Агенттік сарапшылар тізілімін бекітті, оның құрамында 93 сарапшы бар, - деді ол.  

Үміткерлерді бағдарламаның мүмкіндіктерімен таныстыру және техникалық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін  Қазақстан тарихы, «Құқықтық актілер туралы» Заң, жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің қағидалары, нормативтік құқықтық актілерді рәсімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидалары сынды негзігі тақырыптарда тестілеу өткізілген.

Нұрсұлтан Бекиновтің айтуынша, 15 үміткер тестілеуге қатысқан жоқ. Осылайша, тестілеуден өткен 184 үміткердің 98-і жеткілікті балл жинады. 

Екінші қарашадан бастап жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілер жобаларын қабылдау ресми түрде басталғанын атап өткім келеді. Ол үшін мемлекеттік органдар қажетті материалдар пакетін қоса бере отырып, нормативтік құқықтық актілер жобасын университетке жіберуі қажет, - деді ол. 

Сондай-ақ спикер мемлекеттік органдарға ыңғайлы болу үшін және барлық үдерістің жеделдігін қамтамасыз ету үшін университет Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесімен интеграцияланған «Документолог» бағдарламасын пайдаланатынын атап өтті.

НҚА жобасын алған кезде университет НҚА жобаларын сарапшылар немесе сарапшылар тобы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу үшін біркелкі бөлетін болады.


 


 

Өзгелердің жаңалығы