ИИДМ қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына өзгерту енгізді

3 Қараша 2020, 07:37
1689
Бөлісу:
ИИДМ қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына өзгерту енгізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қауіпті жүктерді тасымалдау ережелеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі. 

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м. а. 2020 жылғы 15 қазандағы № 530 бұйрығымен Қазақстан аумағында автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына және автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат етілетін қауіпті жүктер тізбесіне «Қауіпті жүк» тақтайшасының үлгісін бекітуге, Қазақстан аумағында автокөлікпен тасымалдауға рұқсат етілетін қауіпті жүктер тізбесін жаңартуға, Қазақстан аумағы бойынша қауіпті жүкті тасымалдауға жүргізушіге рұқсат беру туралы куәліктің үлгісін бекітуге, ҚЖХЖТ-да бекітілген нысанға сәйкес түзетулер енгізілді, - делінген хабарламада. 
Ведомство қауіпсіз тасымалдарды жүзеге асыру және қауіпті жүктерді тасымалдау саласындағы заңнама талабын сақтау мақсатында тасымалдаушыларға осы түзетулерді танысып шығуды сұрайды. Қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына енгізілген түзету 16 қарашада күшіне енеді.
Өзгелердің жаңалығы