«Шаңыраққа» бөлінген 390 млрд теңге қайда кетті?

3 Қараша 2020, 17:17
1562
Бөлісу:
«Шаңыраққа» бөлінген 390 млрд теңге қайда кетті?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында айтты. 

«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 390 млрд теңге қаржы бөлінді. Оның 180 млрд теңгесі сәуір айында әкімдіктерге несиелік пәтер салуға берілген болатын. Пәтердің көбі қараша, желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп отырмыз. Қазір 5 мың пәтер пайдалануға берілді. 17 мың займ жеңілдетілген несие беруге бағытталған болатын. 15 мың пәтер салынған соң, үйлер берілетін болады. Одан басқа, үлестік қатысы бар тұрғын үйлерді де ТҚЖБ бойынша алуға  рұқсат бердік, - деді ол. 

Жайымбетов атап өткендей, Нұр-Сұлтан қаласында салынып жатқан үйлердің шаршы метрі 220 мың теңге. 

Шаршы метрге көбейтсеңіз, 18 млн теңге. Ай сайын 79 мың теңге төлейсіз. Қазір нарықтағы орташа баға арендалық үй үшін 80 мың теңгенің айналасында болып отыр. 40 шаршы метр болса, ай сайын 53 мың теңге төлейсіз. 80 шаршы метр болса, айына 103 мың теңге төленеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы