Бас прокурор Қарағанды облысына барды

3 Қараша 2020, 21:32
2016
Бөлісу:
Бас прокурор  Қарағанды облысына барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Қарағанды облысында іс сапарда болды, деп хабарлады ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметі.  

Іс сапар барысында ол Теміртау қалалық прокуратурасы мен полиция басқармасында болып, онда «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Президенттің Жолдауында берілген тапсырмаларын іске асыру мақсатында негізгі процессуалдық шешімдерді келісу бойынша енгізілген пилоттық жобаның жүзеге асыру жағдайымен танысты.

Қадағалау органының басшысы тергеушілермен және қадағалаушы прокурорлармен кездесті. Олар процессуалдық шешімдерді міндетті түрде келісу тәртібін енгізгеннен кейін тергеу органдарының жұмысының жеңілдеуін, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасының артуын және прокурорлық қадағалаудың ұйымдастыру мәселелерінің жақсаруын атап өтті.

Сондай-ақ, облыс әкімінің, Ішкі істер министрі орынбасарының, полиция, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен экономикалық тергеу қызметі департаменттерінің басшыларының қатысуымен аймақтағы заңдылық, құқық қорғау органдарының өзара әрекеттестігі және қылмыстық процестегі кәсіпкерлікті қорғау мәселелері талқыланды.

Іс сапар нәтижесінде бас прокурор жобаны жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Өзгелердің жаңалығы