Все новости за 29 қазан 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
ХТА Түркияның Республика күніне орай шара ұйымдастырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Халықаралық Түркі академиясының (ХТА) ұйымдастыруымен және Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығының қолдауымен Түркияның Республика күніне орай «Байрағы биік байтақ ел» атты шара өтті.
-
Алматы облысында болған жарылыстан бір адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында дәретхана қағазын шығаратын цехта жарылыс болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
-
Қазақстан жарты жылда 10,5 мың тоннаға жуық уран өндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Түркістан облысының Созақ ауданындағы уран өндірісімен айналысатын «КАТКО» БК» ЖШС кәсіпорнына барды.
-
Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендерді пайдаланудың Жол картасын бекітті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықты және экономика салаларын сумен қамту, ластануың алдын алу, трансшекаралық өзендер суының таусылуы және тағы басқа мәселелер Новосибирск қаласында өткен Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Ресей Бірлескен комиссиясының отырысында талқыланды.
-
«Еңбекпен» ешкі баққан келіншек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы Талғар қаласында тұратын отбасы өз өңірінде ешкі сүтінің тапшылығын көріп, осы өнімді сату бойынша бизнес ашты. Кәсіпкерлік қызметін Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатқан қолдау шараларының арқасында бастаған.
-
Француз инвесторларына Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігі таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері Қазақстан-Француз дөңгелек үстелі мен екі елдің іскерлік кеңесінің отырысы барысында талқыланды.
-
Astana Open. Михаил Кукушкин Бенуа Перді тізе бүктірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан теннисшісі ATP 250 Astana Open турнирінің 1/8 финалында әлемнің 24-ракеткасы Бенуа Пермен кездесті.
-
Қазақстандық әскери спортшы дзюдодан әлемнің үздік ондығына енді
-
Тоғжанов батыс облыстардың коронавируспен күреске дайындығымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарына барды.
-
«Жанұя» - көпбалалы отбасылардың мәселелерін шешуге атсалысуда
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі таңда Қарағанды қаласында 4000-ға тарта көпбалалы отбасы тұрады. Көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету, жұмысқа орналастыру, тұрғын үй бағдарламалары және басқа мәселелер бойынша кеңес берумен «Жанұя» орталығы айналысады.
-
Азаматтарға жағдай жасалғанына көз жеткіздім - Шпекбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жоюға бағытталған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Павлодар облысына екі күндік жұмыс сапарымен барды.
-
NFC 25 турнирі 25 қарашада өтетін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық үздік промоушн Naiza Fighting Championship кезекті турнирдің өтетін күнін жариялады
-
Әскерилер идеологиялық жұмыс тұжырымдамасын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде Қарулы Күштердегі, басқа әскерлері мен әскери құрамаларындағы идеологиялық жұмыстардың Ведомствоаралық тұжырымдамасын талқылады.
-
«Жастар және инновация» республикалық форумы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы» ҚБ ұйымдастыруымен онлайн форматта «Жастар және инновация» атты республикалық форумы өтті.
-
Гендерлік тепе-теңдікті қолдайсыз ба?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйелдер ерлерге қарағанда жанашырлық пен тазалыққа біртабан жақын тұрады. Бұл туралы «Ауыл» Халықтық–демократиялық патриоттық партиясының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Сапарбаев: Тұрғындар әлі де келер қауіпті түсінбей жүр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы әкімдігінің мәжілісінде өңірдің ағымдағы жылдың тоғыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары сараланды.
-
Тоқаев Сэр Сума Чакрабартиді қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі Жоғары Кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабартиді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ақмолада дәрі-дәрмектің екі айлық қоры дайын
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің арнайы мониторингтік тобының өкілдері медициналық қоймалардың дайындығын тексерді.
-
Вирус жұқтырғандарды ауруханаға қалай қабылдап жатыр?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазір Еуропаның көптеген елінде коронавирустың екінші толқыны басталып кетті.
-
«Еңбек – елдің мұраты» жобасы: Басымдық балалар мен жастарға беріліп отыр – Балаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қоғамдық сананы жаңғырту бойынша Ұлттық комиссия отырысында пандемия тудырған қоғамдағы өзгерістерге байланысты бірқатар жаңа арнайы жобалар іске қосылғанын айтты.
-
Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік өзін перспективалық бағыт ретінде көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа жоба – әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың пилоттық бағдарламасы аясындағы зерттеу нәтижелері онлайн - конференцияда таныстырылды.
-
Мамин Қырғызстанның сыртқы істер министрін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевты қабылдады, деп хабарлайды Рrimeminister.kz.
-
«Үркер» сыйлығы. Өтінімдерді қабылдау 2 қарашада аяқталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Үркер» сыйлығына өтінімдер қабылдау 2 қарашада аяқталады.
-
Ауыл шаруашылығының әлеуетін көтеретін кез жетті – Президент
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін табысты қорғап, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға белсенді қатысып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Қоғамдық сананы жаңғырту бір күндік іс-шара емес – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қоғамдық сананы жаңғырту бойынша Ұлттық комиссия отырысында бірқатар мәселелерге тоқталды.
-
Қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізу үшін заңнамалық негіз бар – Бектенов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мұрындық болуымен бүгін Қазақстанда комплаенсті дамыту және ілгерілету жөніндегі халықаралық онлайн-форум өтіп жатыр.
-
Кез келген тілдің ертеңі – баланың тілінде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қоғамдық сананы жаңғырту бойынша Ұлттық комиссия отырысында ана тілінің ахуалына қатысты жұмысты әлемге танымал телеарналар мен кітап беттеріндегі бала контентінен бастау керек деген ұсыныс барын айтты.
-
Сайлау кезінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комитетінің отырысында комитет мүшесі Ерлан Дауылбаев айтып берді.
-
«Бастау бизнес» кәсіпкерлікті дамытудың тиімді құралы бола алды ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемия кезінде жоба қалай жүзеге асырылды? Жеңілдетілген несие мен қайтарымсыз грантқа қалай қол жеткізуге болады? Одан кімдер үмітті? Үміткерлер қандай қиындықтарға тап болуда? Осы жөнінде «Бастау бизнес» жобасының әдіскері Рауан Ерғалиев айтып береді.
-
«Рухани жаңғыру» аясында өтуі тиіс кейбір шаралар тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Індет салдарынан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтуі тиіс кейбір шаралардан бас тартылды. Бұл туралы бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қоғамдық сананы жаңғырту бойынша Ұлттық комиссия отырысында мәлім етті.
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Жетістіктің құпиясы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жетісу өңірінің табысты, іскер әйелдері Алматы облысы ауыл әйелдерінің форумы барысында жетістіктерімен бөлісті.
-
Сайлау комиссиясының мүшелері қашықтан оқытылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сайлау комиссиясының мүшелері мен өзге де қатысушыларды оқыту қалай жүзеге асады? Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина айтты.
-
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының біртұтас ақпараттық жүйесі қалыптасты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қоғамдық сананы жаңғырту бойынша Ұлттық комиссия отырысында осылай деді.
-
Павлодар облысында МӘМС қоры есебінен 300 мыңға жуық азамат тексерілді
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Жыл басынан бері әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен 300 мыңға жуық павлодарлық тексеруден өтті.
-
Көшербаев: «Рухани жаңғыру» бағдарламасына жаңа жобалар қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылғы 29 қазанда Ақорда да ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Е.Көшербаевтың төрағалығымен Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы онлайн форматта өткізілді.
-
Елорда жолдарының 50% стандартқа сай емес – Сағынов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Автомагистральдар бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы» өткен брифингте «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры Замир Сағынов айтты.
-
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қанша қаржы бөлінеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Автомагистральдар бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы» өткен брифингте «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры Замир Сағынов айтты.
-
Алматының Орталық мешіті ауруханаға оттегі концентраторларын тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров жаңа модульдік ауруханаға оттегі концентраторларын бергені үшін Орталық мешітке алғыс айтты.
-
Жол-көлік оқиғаларының себебі қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Автомагистральдар бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы» өткен брифингте «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры Замир Сағынов айтты.
-
Қазақстан жол-көлік оқиғалары бойынша 74-орында
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-да «Автомагистральдар бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы» өткен онлайн брифинг барысында «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры Замир Сағынов айтты.
-
Ресейдегі жарқанаттардан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Роспотребнадзор мамандары Ресейдегі жарқанаттардан коронавирус тапқан.
-
Бас мүфти Мәуліт мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мұсылман жұртшылығын ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) дүниеге келген ай, Мәуліт мерекесімен құттықтады.
-
Қаламгер Болат Бекжанов өмірден озды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 62 жасқа қараған шағында белгілі жазушы, журналист, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының директоры Болат Үмбетәліұлы Бекжанов өмірден озды.
-
Түркістанда КВИ-ден жазылғандарды оңалту орталығы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда коронавирустық инфекциямен немесе пневмониямен ауырып, одан емделіп шыққандарды оңалтуға арналған алғашқы орталық ашылды.
-
Бас санитар елге ұшып келетіндерге қатысты жаңа талаптар қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына тағы өзгеріс пен толықтырулар енгізілді.
-
Министр Қырғызстандағы отандық кәсіпорындарға жасалған шабуылға алаңдаулы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Казакбаевпен келіссөздері өтті.
-
Алматы облысында цехта жарылыс болып, бір адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында цехта жарылыс болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Инспекторлар бейнежетондарды пайдалану ережелерін сақтамаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Антикор» орталығында «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілдерінің ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы қызметкерлерінің бейнетіркегіштердің пайдалануына жүргізілген қоғамдық бақылау жұмыстарының нәтижесі туралы жиын өтті.
-
Тоқаев 3 жылдың ішінде полицейлердің еңбекақысын 30% көтеруді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Жиында биылғы 9 айда ішкі істер органдары атқарған жұмыстың қорытындылары және Президент тапсырмаларын орындау барысы қаралды.
-
Қарабақтағы қақтығыс. Бұлай жалғаса берсе, үлкен аймақтық соғыстың ауылы алыс емес
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Желмая» жобасында қонақта болған Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабек Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығыс осы бағытта жалғаса берсе, үлкен аймақтық соғыстың орын алуы әбден мүмкін екенін айтады.
-
Сауалнама. Тұрғындар коронавирустың екінші толқынына дайын ба?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүкіл әлем COVID-19 індетімен күресін жалғастырып жатыр.
-
Учаскелік полиция инспекторы күнін белгілеген жөн - Нұрлан Биекенов
Сондай-ақ ол УПИ беделін көтеру аясында Учаскелік полиция инспекторы күнін қарастыруды ұсынады.
-
Президент 2021 жылы рақымшылық жасалатынын мәлімдеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
-
Сооронбай Жээнбековтің пандемия кезінде биліктен кетуі дұрыс шешім болды ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Желмая» жобасында қонақта болған Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабек көрші Қырғызстан еліндегі саяси жағдай турасында пікірімен бөлісті.
-
Павлодар облысында халықты сумен қамту бойынша 42 жоба жүзеге асырылады
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде келесі жылы халықты сапалы сумен қамту мақсатында 42 жоба жүзеге асырылады. Бұл бағытта республикалық бюджеттен 8,5 млрд теңге бөлінген.
-
«Борат» фильмінен кейін біз өзімізді мүсәпір ел ретінде сезінбеуіміз керек – сарапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабек бүгін «Желмая» жобасында қонақта болып, «Борат» фильмінің айналасындағы шу, әлем елдеріндегі жағдайлар турасында пікірімен бөлісті.
-
Карантин. 1 қарашадан бастап ШҚО-да блок-бекеттер қойылатын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының м. а. Талғат Тұңғышбаев мәлімдеді.
-
Павлодардың ақпараттық технологиялық колледжінде IT-орталық ашылады
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысындағы ақпараттық технологиялар колледжінің жанынан заманауи кластер құрылады. «Жас маман» бағдарламасы аясындағы қаржылық қолдаудың арқасында оқу орнында төрт зертхана ашылмақ.
-
Кaspi.kz-тегі ақау: Осындай жағдайда азаматтардың дербес деректеріне қауіп төне ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәжілісін өткізді. Министрге тілшілердің бірі 28 қазандағы Kaspi банкінде болған техникалық ақауларға қатысты сауал қойды.
-
Ауылға интернет жеткізу газ бен су жеткізгенмен тең – Бағдат Мусин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елімізді интернетпен толықтай қамтамасыз ету қалай болып жатқанын айтты.
-
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Гүлмира Мұратқызы Қалмұратова тағайындалды.
-
Құтқарушылар 5 күн бұрын жоғалған балықшыларды іздестіруде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы Астрахань ауданында құтқарушылар бес күн бойы балықшыларды іздеп жүр.
-
Әлемге суретшілерімен ғана танылып отырған елдер бар – суретші
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі қазақ суретшілерінің беталысы қандай? Қандай жанрда сурет салып жатыр? Жалпы суретшілер қайтіп күн көріп отыр? Сурет көрмелеріне адамдар неліктен аз келеді? Пандемия кезінде суретшілер қандай үн қосты? Осы және басқа да мәселелер бойынша суретші Шаттық Батан сұхбат барысында айтып берді.
-
1 қарашада елордада автобустар жүрмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбі күні елордада қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтатылады.
-
БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдын ала ақпарат бойынша пара сомасы шамамен 7 млн теңгені құрайды, деп хабарлады mgorod.kz.
-
#Желмая. «Борат». Неліктен Қазақстан?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабек бүгін «Желмая» жобасында қонақта болып, осы және өзге де сауалдарға жауап берді.
-
«Еңбек» бағдарламасы. Студенттерге ыстық тамақ, шәкіртақы, тегін жолақы беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру басқармасының басшысы Шолпан Қадырова «Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының жұмыс барысы туралы» тақырыбында ұйымдастырылған онлайн брифинг кезінде «Еңбек» бағдарламасы аясында білім алып жатқан студенттерге қандай әлеуметтік қолдау көрсетілетінін айтты.
-
Құл-Мұхаммед: Академик Зимановтың 100 жылдығы елеусіз қалмау керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Академик Салық Зимановтың туғанына келесі жылдың ақпан айында 100 жыл толады. Алайда, осы бір айтулы дата Үкіметтің алдағы жылы атап өтетін мерейтойлар тізбесінен тыс қалған. Осыған орай Мұхтар Құл-Мұхаммед бастаған бір топ сенатор премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдады.
-
Бүгін Дүниежүзілік инсультпен күрес күні
Алматы, BAQ.KZ. Жыл сайын қазан айының 29 күні Дүниежүзілік инсультпен күресу күні аталып өтіледі. Бұл күнді 2006 жылы Дүниежүзілік инсультпен күресу ұйымы осы ауруға қарсы күресуге белсенді әрекет жасауға шақыру мақсатында белгілеген.
-
Журналистерді аккредиттеудің жобасы таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 қазанда әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциясы бар «Жаңа репортер» алаңында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев Журналистерді аккредиттеу ережелерінің жаңа жобасын таныстырды.
-
Сенат індетпен күресуге қосымша 238 млрд теңге бөлуге келісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетке толықтыру мен өзгерту енгізу қабылданды.
-
Елордада санитарлық талаптарды бұзған нысандар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметi басқармасының бастығы Госман Жакин Нұр-Сұлтан қаласында каратин талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған рейдтердің қорытындылары туралы онлайн брифингте айтты.
-
Теңге бағамының әлісеруіне не себеп?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл мәселеге қатысты Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов түсініктеме берді.
-
Елордада науқастар санының өскені байқалады - Бас санитарлық дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева Нұр-Сұлтан қаласында карантин талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған рейдтердің қорытындылары туралы онлайн брифингте айтты.
-
Түркістан облысында 173 132 зейнеткер бар
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облыстық Статистика департаментінің мәліметінше, осы жылдың 1 қыркүйегінде күнгейдегі халық саны 2 036 029 адамға жеткен. Екі миллионнан асатын халықтың қанша пайызы зейнеткер, қанша пайызы мүмкіндігі шектеулі азамат? Оларға мемлекет тарапынан қандай жеңілдіктер жасалып жатыр?
-
ШҚО-да отандық маман алтайлық кәсіпкерлерге кеңес берді
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Алтай ауданындағы Першиндер отбасы осымен төртінші рет «Аға сеньор» жобасының көмегіне жүгініп, кәсіби мамандардың кеңестеріне құлақ асты. Бұл жолы ауданға отандық маман Светлана Өмірзақова барып қайтты.
-
Қасымбек: Аймақта сумен жабдықтау бойынша 90 жоба іске асырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Ұлытауда су тазарту құрылыстарын, ал Абай мен Қарабаста кәріз сорғы станцияларын салу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.
-
ШҚО-ның Катонқарағай ауданында сүт өңдейтін зауыт ашылады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Катонқарағай ауданының Ново-Хайрузовка елді мекенінде сүт өнімдерін шығаратын шағын май зауыты салынады.
-
Еліміздің сегіз өңірінде жолдар халықаралық IRAP жүйесі бойынша бағалануда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда жол қауіпсіздігін бағалаудың International Road Assessment Programme халықаралық жүйесін енгізу жұмысы қарқын алған.
-
Алматыдағы Түрксіб ауданында өзен арналарын тазарту жұмыстары жалғасуда
Алматы, BAQ.KZ. Жаз басталғалы бері аталған ауданда 93 мың текше метр қоқыс шығарылды. Бұл туралы Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров Facebook-тегі парақшасында жазды.
-
ШҚО. Жыл басынан бері жемқорлық әрекетіне барған 87 тұлға жауапқа тартылды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Үстіміздегі жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті тіркеген 165 қылмыстың 86 пайызы пара алумен, қызметін асыра пайдаланумен және бюджеттің қаражатын жымқырумен байланысты қылмыстар болған.
-
Францияда жалпыұлттық карантин қайта енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үйден шығу үшін француздарға жазбаша куәлік қажет. Алайда, олар жұмысқа, ауруханаға және дүкенге бара алады, сонымен қатар үйдің жанында серуендеуге рұқсат етіледі.
-
COVID-19: Қарапайым ережелерді сақтаудың өзі маңызды
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Коронавирустық инфекцияның қайта өршуі сақтық шараларын күшейтуді талап етіп отыр. Осы орайда Көкшетау көпсалалы қалалық ауруханасының бас дәрігері Нариман Сыздықов өңірде атқарылып жатқан шаралар жайлы айтып берді.
-
Орталық Азия елдері мен Үндістан ынтымақтастықты тереңдетуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бейнеконференция режимінде Үндістан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан сыртқы саяси ведомстволары басшыларының қатысуымен өткен «Орталық Азия – Үндістан» диалогының екінші отырысына қатысты.
-
COVID-19: 287 бала ем қабылдап жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 201 адам ем қабылдауды жалғастыруда.
-
Өкпе қабынуы диагнозымен 174 адам тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 2020 жылғы 29 қазанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жариялады.
-
Солтүстiк Қазақстанға 8 жылжымалы медициналық кешен жеткізілдi
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстiк Қазақстан облысына 8 жылжымалы медициналық кешен жеткізілді. Бұл жайында өңiр басшысы Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
-
Өткен тәулікте 176 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 176 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 268 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 268 адамда коронавирус індеті ПТР тестілеу арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
-
Еңбекші ауданында 564 жаңа жұмыс орны құрылды – Шымкент
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының Еңбекші ауданында биыл 564 жаңа жұмыс орны құрылған. Бұл туралы 9 айда атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берген Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов баяндады.
-
Жол полицейлері қызметтік бейнетіркегіштерді пайдаланбаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Антикор» орталығында «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілдерінің жол полициясы қызметкерлерінің бейнетіркегіштерді пайдалануына жүргізген қоғамдық бақылау жұмыстарының нәтижесі туралы жиын өтті.
-
Шымкент: Бадам каналында су электр станциясы салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте Маятас тұрғын алабындағы Бадам каналына су электр станциясы салынады. Бұл туралы шаһар басшысы Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданын аралау барысында айтты, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
-
Садақ атудан ел чемпионатына 100-ге жуық спортшы қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы облысындағы «Ақ-Бұлақ» олимпиадалық орталығында садақ атудан кезекті ел чемпионаты басталады деп хабарлайды Olympic.kz.
-
«Алтын қалам 2020» әдеби жүлдесінің иегерлері марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында «Алтын қалам 2020» әдеби жүлдесінің қорытындысы жарияланып, жеңімпаздардың есімдері таныстырылды, деп хабарлайды «Мәдениет порталы».
-
Масканың коронавирус пандемиясындағы пайдасы бағаланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулықты бағалау және көрсеткіш институтының (IHME) ғалымдары алдағы айларда медициналық масканы кеңінен қолдану бір ғана АҚШ-тың өзінде 130 мыңға жуық адамның өмірін сақтап қалатынын анықтады. Бұл туралы Nature Medicine журналындағы мақалада айтылады.
-
Павлодарлық ғалымдар жол талғамайтын көлік құрастырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар өңірінің ғалымдары суда батпайтын, кез келген жерден өте алатын машина құрастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Түркістан облысынан 1400 жылдық тарихы бар көне бассейн табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысындағы Кентау қаласынан көне бассейн орны табылды, деп хабарлайды «Аstana TV».
-
Саяси шешім қабылдайтын уақыт әлдеқашан келді – Мұрат Бақтиярұлы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы биліктің барлық тармағы мемлекеттің атын иемденген ұлт тілінде сөйлейтіндей заң қабылдамайынша, ширек ғасырдан бері тіл туралы айтылып келе жатқан үгіт-насихат жұмысының нәтижесі мардымсыз болып қала беретіндігін айтты. Бұл туралы депутат facebook-тегі парақшасында жазды.
Наверх