Ақмолада дәрі-дәрмектің екі айлық қоры дайын

29 Қазан 2020, 19:33
1539
Бөлісу:
Ақмолада дәрі-дәрмектің екі айлық қоры дайын

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің арнайы мониторингтік тобының өкілдері медициналық қоймалардың дайындығын тексерді.

«СК-Фармация» ЖШС аймақтық өкілдігінің басшысы Жанарбек Омаровтың айтуынша, коронавирустық инфекциямен күресу үшін облыстың медицина ұйымдарында дәрі-дәрмек жеткілікті.

Пандемияның алғашқы толқынында облыстың ауруханалары мен дәріханаларында орын алған дәрі-дәрмек тапшылығы енді қайталанбауы тиіс. Бірнеше облысты препараттармен қамтамасыз ететін ірі қойма орналасқан Нұр-Сұлтан қаласынан жеткізілімдер тұрақты түрде жүріп жатыр. Мысалы, Көкшетаудағы қоймада амбулаториялық науқастарға КВИ-ден 3,2 млн теңгенің, басқа да аурулар бойынша 80 млн теңгенің дәрі-дәрмегін тасымалдауға дайын. Айдың соңына дейін 181 млн теңгеге, оның ішінде 5,5 млн-ға Сovid-19 препараты жеткізіледі. Стационарлар үшін қоймада 212 млн теңгенің, оның ішінде КВИ-ден 12,5 млн теңгенің дәрі-дәрмегі бар, - дейді Жанарбек Омаров.

8,2 млрд теңгеге 44 дәрі-дәрмек атауы бойынша сатып алу жүргізілуде. Бұл препараттар саны республика стационарларында айына 60 мыңға жуық пациентті емдеуге есептелген. Қазірдің өзінде препараттардың 37 атауы сатып алынды.

Облыстың тұрақтандыру қорында дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар. Науқастар саны күрт өскен жағдайда осы тұрақтандыру қорынан препараттар пайдаланылатын болады.

Біздің мақсатымыз – препараттарды облыстың медициналық ұйымдары арасында бөлу кезінде ашықтықты қамтамасыз ету, осы дәрілердің түсуі мен жұмсалуын қадағалау. Бүгінде жағдай бақылауда екенін, амбулаторлық және стационарлық емдеу үшін қажетті дәрі-дәрмек қоры қамтамасыз етілгенін көріп отырмыз. Енді дәрі-дәрмектерді облыстың 49 медициналық мекемесі бойынша бөлу жүргізілетін болады, - деп түсіндірді арнайы мониторингтік топтың мүшесі Игорь Плюснин.

Тексеру барысында медициналық ұйымдарда 1,3 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі бары анықталды. Коронавирус диагнозы қойылған пациенттер ПТР-тест нәтижелеріне байланысты емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша парацетамол, ибупрофен, ривароксабан, апиксабан және дабигатран сияқты дене қызуын түсіретін дәрілер мен антикоагулянттарды тегін алады.

«СК-Фармация»өкілдері атап өткендей, қазірдің өзінде 2021 жылға дәрі-дәрмек сатып алынуда. Алғашқы жеткізілім желтоқсан айында басталады.


Өзгелердің жаңалығы