«Алтын қалам 2020» әдеби жүлдесінің иегерлері марапатталды

29 Қазан 2020, 04:30
3024
Бөлісу:
«Алтын қалам 2020» әдеби жүлдесінің иегерлері марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында «Алтын қалам 2020» әдеби жүлдесінің қорытындысы жарияланып, жеңімпаздардың есімдері таныстырылды, деп хабарлайды «Мәдениет порталы».

Қазақстан баспасөз клубының мәліметінше, биыл бұл шара Бауыржан Оспанов жетекшілік ететін «ZHERSU» корпорациясының қолдауымен ұйымдастырылған. 

«Алтын қалам 2020» байқауына Қазақстан, Ресей, Украина, АҚШ, Израиль, Белорусь елдерінен, сонымен қатар биыл тұңғыш рет Моңғолия және Орталық Африка республикасынан барлығы 408 автор қатысты.

Орталық Африка Республикасына қоныс аударған қаламгер елімізден жырақта жүрсе де, танымал әдеби жүлдеде көппен бірге бақ сынауға бел буған. Наурыздың 15-нен қыркүйектің 15-не дейін қабылданған 600-ге жуық шығарма байқаудың akalam.kz ресми сайтында жарияланып, оқырмандардың және қазылардың сараптауынан өтті.

«Алтын қалам» әдеби жүлдесінің жеңімпаздарын марапаттау шарасы биыл алғаш рет жабық есік форматында ұйымдастырылып, салтанатты жиынға тек жеңімпаздар мен жоба серіктестері және БАҚ өкілдері шақырылды. 19 қазанда жарияланған байқаудың қысқа тізіміне әр жанр бойынша жеті шығармадан енгізілген еді. Қазылар шешімімен солардың ішіндегі ең үздік бір шығарма ғана марапатталды. 

«Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін» Төлен Әбдік марапатталды. 

Бауыржан Оспанов тағайындаған Есенқұл Маманов атындағы бас жүлде – 1 млн теңгені белгілі қаламгер, «Мәдениет порталының» шығарушы редакторы, Заман Төлеу жеңіп алды. Жазушының «Қарақуыс» романы «Үздік қазақ романы» аталымы бойынша үздік деп танылды.

Тағы бір басты сыйлық – 1 000 000 теңгені балалар шығармашылығына арналған «Дарабоз» байқауында өзгеден оза шапқан павлодарлық қаламгер Алпысбай Хонж иеленді.

Пандемия салдарынан еліміздегі және әлемдегі жағдай көз алдымызда әп-сәтте өзгеріп шыға келді. Қауіпті індетке байланысты туындаған күрделі жағдайға қарамастан «Алтын қалам» жүлдесі жалғасын тапқанына қуаныштымын. Биылғы бәйгеде бақ сынағандар қатары былтырғыдан өскен және олардың арасында танымал авторлар, қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардан жүлде алған кәсіби деңгейі жоғары қаламгерлер көп болды. Бір атап өтерлігі, биыл akalam.kz сайтына кіріп, байқауға ұсынылған шығармалармен танысып, пікір білдіргендер қарасы қалың. Соңғы төрт күнде 1 млн-нан аса адам конкурстың ресми сайтын ашып оқыған, - дейді «Алтын қалам» әдеби жүлдесі ұйымдастыру комитетінің директоры Кенже Жұманұлы. 

Айта кетейік, «Алтын қалам» әдеби жүлдесі 2009 жылдан бері өткізіліп келеді. Байқаудың ерекшелігі сол – жоба ұйымдастырушыларының әдебиетке қатысы жоқ, тек кітап оқығанды ұнататын оқырмандар. Алғашқы кезеңде шығармалар akalam.kz веб-сайтында іріктелді. 

Онлайн-дауыс беру 6 ай бойы жалғасты.

Жеңімпаздар тізімі:

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПОЭЗИЯСЫ «Сен ғана». Макинара Хайрим, Нұр-Сұлтан.

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ПРОЗАСЫ «Өлім гүлі немесе қытай түрмесінен қашқан қазақ қызының күнделігі».Ертай Айғалиұлы, Алматы

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК САТИРАСЫ «Түпән талып қалды» - Алпысбай Хонж, Павлодар.

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КИНОСЦЕНАРИЙІ ЖӘНЕ ДРАМАТУРГИЯСЫ «Әкім келе жатыр». Қундық Түменбай, Алматы

ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ФАНТАСТИКАСЫ ЖӘНЕ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАСЫ «Өмірзая. Қайтпас оқиғасы». Сайлау Төлеуов, Семей

«ДАРАБОЗ» БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҮЗДІК ШЫҒАРМА

«Телқасқа». Алпысбай Хонж, Павлодар.

«ҮЗДІК ҚАЗАҚ РОМАНЫ» «Қарақуыс» романы. Заман Төлеуов, Алматы

ЛУЧШАЯ ПОЭЗИЯ ГОДА «Нет любви». Сейтжан Жанар, Астана

ЛУЧШАЯ ПРОЗА ГОДА «Украденный подвиг». Смагулова Зайни, Акмолинская область

ЛУЧШАЯ ДЕТСКАЯ И ПОДРОСТКОВАЯ ЛИТЕРАТУРА ГОДА «ДАРАБОЗ» «Карантинные человечки». Ксения Земскова и Елена Клепикова, Алматы.

ЛУЧШАЯ САТИРА ГОДА НА ПРИЗ ИМЕНИ ЕСЕНЖОЛА ДОМБАЙ «Триллеротопия». Ақиқат Рас, Алматы

ЛУЧШАЯ ФАНТАСТИКА И ДЕТЕКТИВ ГОДА «Свет». Люльчак Светлана, Алматы.

ЛУЧШИЙ КИНОСЦЕНАРИЙ И ДРАМАТУРГИЯ ГОДА «В шаге от самого себя». Сарсембаев Мансур, Астана.



Өзгелердің жаңалығы