Түркістан облысынан 1400 жылдық тарихы бар көне бассейн табылды

29 Қазан 2020, 01:44
1753
Бөлісу:
Түркістан облысынан 1400 жылдық тарихы бар көне бассейн табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысындағы Кентау қаласынан көне бассейн орны табылды, деп хабарлайды «Аstana TV».

Археологтар ежелгі су айдынын Қарнақ ауылындағы "Шамат Ишан" мешітінің аумағын барлау кезінде кезіктірген. Жерге ойылып жасалған жасанды көлшіктің шеті айнала тау тастарымен бекемдеп өріліпті. Бассейнге келетін су атызы да сақталған.

Мамандар тарихи бұл жерлерді зороастризм кезеңіне жатқызып отыр. Оған осы маңнан табылған керамикалар мен теңгелерді дәлел қылды. Пайымдауларынша табылған дүниелер VI-VIII және XIII-XIV ғасырларға тиесілі. Археолагтар мұндай ерекше орын, бұрындары бұл төңіректі қалың шөп басып жатқандықтан көзге түспегенін алға тартты. Зерттеу жұмысына кіріскендер бассейнге келетін он шақырымға созылған жолдардың да сол күйі сақталғанын айтып отыр.

Отқа табынған. Бұл үш рет ана жерден «тазаланып» келеді да үш рет, сол уже таза судың өзі «очищение воды», ритуал сондай болғанда. Содан кейін ол суға бассейнде мына жерге балық жіберіп қояды. Өздерінің мына жерде бауы болған үлкен сопылардың жүретін. Өзінің хикметтерін жазатын, солардың бір элементі ғой бұл, - дейді «НЭПА» ғылыми-эксперименттік практикалық археология» ЖШС директоры Руслан Шербаев.


Өзгелердің жаңалығы