Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары ауысты

29 Қазан 2020, 13:29
1868
Бөлісу:
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Гүлмира Мұратқызы Қалмұратова тағайындалды.

Гүлмира Мұратқызы 1969 жылы туған. Білімі жоғары, «тарих, қоғам тану және мемлекеттік пәнінің мұғалімі» және «заңгер, мемлекеттік қызмет саласының маманы» мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1986 жылы Жаңаөзен қаласындағы №6 орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі қызметінен бастады.

1995 - 1998 жылдары – Жаңаөзен қалалық әкімшілігінде бас маман-заңгер болды.

1998 – 2003 жылдары Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары, 2003 - 2007 жылдар аралығында Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2007 - 2017 жылдар аралығында Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, кейін Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болды.

2017 - 2019 жылдары аралығында Ақтау қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келді.


Өзгелердің жаңалығы