«Еңбекпен» ешкі баққан келіншек

29 Қазан 2020, 22:36
3476
Бөлісу:
«Еңбекпен» ешкі баққан келіншек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы Талғар қаласында тұратын отбасы өз өңірінде ешкі сүтінің тапшылығын көріп, осы өнімді сату бойынша бизнес ашты. Кәсіпкерлік қызметін Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатқан қолдау шараларының арқасында бастаған.

Қамар Молдабекова декретте жүргенде ешкі сүтін сатумен айналысуды шешті. «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқудан өткен жас азаматша 7 ешкі сатып алды.

 

Біз баламызға ешкі сүтін бермек болдық. Бірақ біздің қаламызда оны алу қиынға соқты: 1 бөтелкесін 15 мыңға сатып аласың немесе басқа жаққа баруға тура келді, бұл, біріншіден, ыңғайсыз, екіншіден, өнімнің жоғары сапасына кепілдік бермейді. Сондықтан біз өзіміз үшін бір ешкі алдық. Сосын неге осы нәрсемен айналысып көрмеске деп ойландым? Міне, мамыр айында маған грант берді, шілде айында сата бастадық. Әзірге адамдар біз туралы бір-бірінен естіп-біліп жатыр, бірақ ісімізді одан әрі кеңейтуді және өнім жеткізуді қолға алуды жоспарлап отырмыз, – деді келіншек.

 

«Бастау бизнес» жобасының тағы бір қатысушысы тек грантпен шектелмеуге шешім қабылдады. Аманжол Сабданбеков үлкен жоспарлар құра отырып, алдымен грант есебінен ТБС ашып, нарықта орнығып алды, содан кейін бизнесті кеңейту қажеттілігін негіздеп, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өз жобасын іске асыруға жеңілдетілген кредит алды.

Алматы облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша, биыл өңірде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 48,7 мың адам қатысты. 33,2 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 16,7 мың адам тұрақты жұмысқа тұрды. 1659 адам грант,ал 815 адам өз ісін дамытуға микрокредиттер алды. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту мақсатында «Бастау Бизнес» жобасына 3639 адам қатысты.

Мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты аясында 1343 адам субсидияланатын жұмыс орындарына, 1793 түлек жастар практикасына жіберілді, 18 717 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. Сонымен қатар, 2458 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға және 1535 адам техникалық және кәсіптік оқуға жіберілді.

 

Бұдан бұрын хабарланғандай, үстіміздегі жылы Қазақстан бойынша «Еңбек» бағдарламасына 526 мыңнан астам адам қатысып, түрлі қолдау түрлерін алды. 338,2 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмысқа 189,4 мың адам, мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына 187,3 мың адам жұмысқа орналастырылды. 9,6 мың жеңілдетілген кредит және 38 мың қайтарымсыз грант берілді, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне қысқа мерзімді оқытудан 33,2 мың адам өтті.

Өзгелердің жаңалығы