Елорда жолдарының 50% стандартқа сай емес – Сағынов

29 Қазан 2020, 17:17
1833
Бөлісу:
Елорда жолдарының 50% стандартқа сай емес – Сағынов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Автомагистральдар бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы» өткен брифингте «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы»  ШЖҚ РМК бас директоры Замир Сағынов айтты. 

Біз 16 мың шақырымға диагностика жасадық. Жол белгілерін тексеріп шықтық. Проблема баршылық. Ол бүгін туындаған мәселе емес. Қазір жол белгілерін жасайтын компаниялар лицензия алмайды, бұрын алатын. Сондықтан қажетті материалдарды қолданбай жатады. Осы мәселені қатаң бақылауға алу керек. Қазір тапсырыс беруші «ҚазАвтожолмен» келісім орнаттық. Біз қарап шыққан соң, олар жолды қарап алуға құзыретті. Бұл республикалық жағдайдағы мәселе, - деді ол. 

Сағынаов аудан мен облыстық маңызды жолдардың жағдайы күрделі екенін айтты. 

Нұр-Сұлтан қаласының өзінде жол белгілерінің 50 пайызы стандартқа сай емес екені тексеріс барысында мәлім болып жатады. Бұл қауіпсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан осы мәселені бақылауға алуды жоспарлап отырмыз. Жол мәселесі жақсарады. Себебі бұл салаға қыруар қаржы бөлініп отыр. Рейтинг бойынша да біртіндеп жоғарылап барамыз. Дұрыс жолда келе жатырмыз. Жолдың сапасы жақсарып барады, - деді Сағынов.
Өзгелердің жаңалығы