Шымкент: Бадам каналында су электр станциясы салынады

29 Қазан 2020, 06:36
2043
Бөлісу:
Шымкент: Бадам каналында су электр станциясы салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте Маятас тұрғын алабындағы Бадам каналына су электр станциясы салынады. Бұл туралы шаһар басшысы Мұрат  Әйтенов Еңбекші ауданын аралау барысында  айтты, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Жуырда инвесторлар арқылы су электр станциясының құрылысы жүргізіледі. 

Бадам каналындағы кіші су электр станциясының қуаттылығы 1МВт болады деп жоспарлануда.  Бұл қалалық орта үшін шуылы өте аз инновациялық суасты станциясы. Өндіріс қуаты жылына 8,5 млн КВт.

Жобаның құны – 738 миллион теңге. Яғни, жабдық сатып алу, су электр станциясының ғимаратын салу, 1,5 км құбыр тарту жұмыстары атқарылады, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, су электр станциясы заманауи инновациялық технологиялармен жабдықталады. Атап айтқанда, Германияның DIVE технологиясы бойынша жұмыс істейтін болады.

Жаңа станция құрылысында 16 адам жұмыспен қамту көзделуде.

Өзгелердің жаңалығы