Все новости за 31 тамыз 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Еңбек – қолдың ғана емес, жүректің де ісі
Адам баласының өмірінде адал еңбек пен маңдай тердің орны бөлек.
-
Қар аралас жаңбыр: 18 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 1 қыркүйекте елдің 18 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.
-
Алматы облысында көкөніс пен жемістерді терең өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
Жобаның жалпы құны 9,5 млрд теңгені құрайды.
-
Павлодардағы базарлардың бірінде ер адам өзін-өзі өртемек болды
Бүгін, 31 тамыз күні Павлодар қаласындағы «Жайлау» базарында жалдау ақысына байланысты дау туындап, бір азамат өзін-өзі өртемек болды.
-
ТЖМ тікұшағы жаңа туған нәрестені шұғыл түрде Жезқазғанға жеткізді
Бүгін ұшқыштар санитарлық авиация дәрігерлерімен бірге Жәйрем кентінен Жезқазған қаласына сәбиді тікұшақпен жеткізді.
-
Шанхайдағы аптап ыстық ғасырлық рекордты жаңартты
Қытайдың шығысындағы Шанхай қаласында сенбі күні қатарынан 25-ші күн ауа температурасы +35 градустан жоғары тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Дін көшбасшылары съезі дінаралық және мәдениаралық түсіністікке жол ашады
VIII Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезі "Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия" тақырыбымен 2025 жылғы 17-18 қыркүйекте Астана қаласында өтеді. Шараға әлемнің шамамен 60 елінен делегациялар қатысуы жоспарлануда. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Гауез Нұрмұхамбетовтің пікірінше, бұл съезд Қазақстанның халықаралық деңгейдегі диалог алаңы ретіндегі беделін одан әрі нығайтып, дінаралық және мәдениаралық түсіністікті арттыруға мүмкіндік береді.
-
Қазақстандықтар бүгін түнде сирек кездесетін құбылысты тамашалай алады
1 қыркүйекке қараған түні Ауригид метеор ағынын жай көзбен көруге мүмкіндік туады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Си Цзиньпин Қытайдың Вьетнаммен әріптестікті нығайтуға дайын екенін мәлімдеді
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қытайдың Вьетнаммен стратегиялық ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға мүдделі екенін растады. Бұл туралы ол Тяньцзинь қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) саммиті аясында Вьетнам премьер-министрі Фам Минь Чиньмен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тамақтан улану: Санитарлық қызмет қалай әрекет етеді?
Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен ақпараттық алаңдарда кафе, көше бойындағы дүңгіршектер мен жылдам тамақтану орындарынан кейінгі улану жағдайлары жиілеп кетті. Санитарлық қызмет мұндай жағдайда қалай жұмыс істейді?
-
Мектеп асханалары қалай бақыланады
Өткен оқу жылында бірқатар мектеп пен балабақшада тіркелген тамақтан улану оқиғалары білім беру ұйымдарындағы тамақ сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты қоғамның сұрағын күшейтті. Бұл материалда мектеп және мектепке дейінгі ұйым асханаларының қалай бақыланады, қандай тексерістер жүргізіледі, әрі оқу жылы бойғы ішкі-сыртқы бақылаудың нақты тетіктері қалай? BAQ.KZ тілшісі анықтап көрді.
-
ЖИ, цифрлық сауаттылық: Жаңа оқу жылында жаңа бағдарлама енгізіледі
2025-2026 оқу жылында қазақстандық оқушыларды бірқатар маңызды жаңалықтар күтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Трамп АҚШ-тағы дауыс беру тәртібін өзгертеді
АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы уақытта сайлау өткізу ережелеріне өзгеріс енгізетін жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада Конституция күніне орай өткен жүгіру іс-шарасына 1500 адам қатысты
Елордада әуесқой жүгірушілер дәстүрлі түрде бас қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
-
Си Цзиньпин Әзербайжанның ШЫҰ-ға кіруін қолдайтынын мәлімдеді
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытайда өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне және Қытай халқының жапон агрессиясына қарсы соғыс пен Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңісінің 80 жылдығына арналған шараларға қатысу үшін келген Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Аляскада энергетикалық дағдарыс қаупі төніп тұр
АҚШ-тың Аляска штатында энергетика саласында дағдарыс қаупі күшейді. Штаттың ең ірі қаласы Анкоридж алдағы жылдары жарықсыз қалуы мүмкін. Бұған Кук шығанағындағы газ қорының сарқылуы себеп болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
“Лу Бань зертханалары”: Қытайдың тәжірибесі Қазақстанға не береді?
Соңғы жылдары Қытай кәсіби-техникалық білімді халықаралық деңгейге көтеріп, жаңа брендтік жоба – "Лу Бань шеберханасы" арқылы ондаған елде білікті кадр даярлауды жолға қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Тяньцзиннен.
-
Қазақстандағы барлық мектепте кәсіби бағдар беру педагогтары жұмыс істейді
Жаңа оқу жылынан бастап кәсіби бағдар беру жұмыстары мектеп қабырғасынан бастап басты бағыттардың біріне айналады. 2025 жылдан бастап еліміздегі барлық мектептерде арнайы кәсіби бағдар педагогтары қызмет атқарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ШЫҰ саммиті: Президент Тоқаев салтанатты қабылдау рәсіміне қатысады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысушы елдердің делегация басшылары құрметіне ұйымдастырылған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысу үшін Тяньцзиндегі "Мэйцзян" конференц-орталығына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Си Цзиньпин БҰҰ-ның әлемдегі рөлін нығайтуға шақырды
Қазіргі жағдайда мемлекеттердің іс-қимылын үйлестіру және жаһандық сын-қатерлерге бірлесіп әрекет ету үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының беделі мен ықпалын қалпына келтіру маңызды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан шахталарындағы қауіпсіздік қалай ұйымдастырылады?
Бүгін Қазақстанда Шахтерлер күні аталып өтілуде. Көмір – еліміздегі электр энергиясының негізгі көзі, сондықтан шахталардың өндірістік қуаты стратегиялық маңызға ие. Алайда жер асты жұмыстары әрқашан қауіпті кәсіп саналады. Қазақстан шахталарында қауіпсіздік жұмыстары қалай сақталады? BAQ.KZ тілшісі осы сұраққа жауап іздеп көрген болатын.
-
120 000 көрермен, жаңа рекорд: Қарағанды Шахтерлер күнін дүркіретіп тойлады
Қарағанды десе, Алаш алыптары Әлихан Бөкейхан, Әлімхан Ермеков, әйгілі әнші-күйшілер Күләш Байсейітова, Мағауия Хамзин, екінші дүниежүзілік соғыстың қаһарман батырлары Қазбек Нұржанов пен Нұркен Әбдіровтер бірден ойға оралады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Кашмирде нөсер мен көшкін салдарынан 11 адам қаза тапты
Үндістан бақылауындағы Кашмир аймағында нөсер жаңбыр мен көшкін салдарынан кемінде 11 адам қаза тауып, бір адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тяньцзиньдегі ШЫҰ саммиті: Сяо Хэ атты робот тілшілерді таңғалдырды
Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде жаңа технологиялар ерекше назар аудартты. Баспасөз орталығында журналистерді қарсы алып, сауалдарына жауап берген робот “Сяо Хэ” (Xiao He) көпті таңғалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілішісі Тяньцзинен.
-
Қытайлық БАҚ Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі туралы: сенім, символизм мен жаңа келісімдер
30 тамызда Қазақстан Президенті Қытайдың Тяньцзинь қаласына барғаны белгілі. Шанхай ынтымақтастық ұйымының самммиті мен "ШОС плюс" отырысының алдында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан көшбасшысымен кездескені туралы қытайлық БАҚ-тар жарыса жазып жатыр. Қытай бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан басшысының бұл сапарына кең көлемде назар аударып, әр жолы келіссөздердің Бейжіңнің мүдделері мен басымдықтарын айқын көрсететін қырларына ерекше тоқталды.
-
"Қайрат"-"Реал Мадрид" матчына билет қанша болады?
Футбол клубы "Қайрат" әлеуметтік желілерде тарап жатқан, алдағы УЕФА Чемпиондар лигасы аясында мадридтік "Реалға" қарсы өтетін ойынға билеттердің сатылымға шыққаны жөніндегі ақпаратқа байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сәтбаев шыңында 4000 метрден астам биіктікте қалып қойған шетелдік құтқарылды
Алматы облысында 4000 метрден астам биіктікте қалып қойған шетелдіктерді құтқару операциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Көкшетауда XVI халықаралық бокс турнирі өтті
Көкшетау қаласында КСРО спорт шебері Асқар Сатыбаевтың жүлдесіне арналған жастар арасындағы XVI халықаралық бокс турнирі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада жұмыс күнінің басталу уақыты өзгереді
Астанада 15 қыркүйектен бастап коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік компанияларда жұмыс күнінің басталу уақыты өзгереді деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елордадағы эпидемиологиялық ахуал қандай?
Астана қаласында инфекциялық ауруларға байланысты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтіліп отыр.
-
Шахтерлер күні: Қарағандыда концерт кезінде 235 бала адасып кеткен
Қарағандыда Шахтерлер күні қауіпсіз өтті. Полиция қызметкерлері ата-анасынан адасып қалған 235 баланы отбасымен қауыштырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Жеке қабылдау, қазақша келіссөз: Си Цзиньпин Тоқаевқа ерекше ілтипат көрсетті
30 тамызда Қазақстан Президенті Қытайдың Тяньцзинь қаласына барған болатын. Жоғары деңгейде өткен келіссөздерден соң Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының самммиті мен "ШОС плюс" отырысына қатысатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жерге күшті магниттік дауыл жақындап келеді
2 қыркүйекте Жерде магниттік дауылдар күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
US Open: Александр Бублик алғаш рет жарыстың төртінші айналымына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 24-ракеткасы Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатының төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Альпинистерге көмекке бара жатқан тікұшақ апатқа ұшырады
Желіде Қырғызстанда Жеңіс шыңының етегінде апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағының бейнекадрлары жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kg-ке сілтеме жасап.
-
Бүгін – Қазақстанда Шахтерлер күні
Қазақстанда жыл сайын тамыз айының соңғы жексенбісінде Шахтерлер күні кеңінен аталып өтеді. Бұл мереке – елдің энергетика саласы мен өндірістік қуатын қамтамасыз етіп отырған мыңдаған кеншілердің қажырлы еңбегін бағалауға арналған. Шахтер мамандығы – ауыр да жауапты, сондықтан олардың еңбегін ұлықтау – бүкіл халықтың парызы.
-
Астанада дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңке маусымы басталды
Астанада дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент Малайзия премьер-министрін құттықтады
Президент Малайзия премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өз атынан Президент Садыр Жапаров пен оның отандастарын Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шиеліде жаңа туған шақалақ Қызылордаға тікұшақпен жеткізілді
Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазавиақұтқару" әуе кемесінің экипажы кезекті рет шұғыл медициналық көмек көрсетуге атсалысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Екіжақты кездесуді білмеймін, бірақ үшжақты кездесу болады"– Трамп
АҚШ президенті Дональд Трамп өзі, Путин және Зеленский арасында үшжақты кездесу өтеді деген пікірін білдірді, бірақ Ресей мен Украина басшыларының екіжақты келіссөздерінің болашағына күмән келтірді. Бұл туралы Ақ үй басшысы Daily Caller басылымына айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ата кәсіпті жалғаушы – ер-тоқым шебері
BAQ.KZ тілшісі алыс ауылыда ата кәсіптен нәсіп тауып жүрген жан – Жамбыл ауданы, Өрнек ауылының тұрғыны Әлімжан Бейсенбаевпен танысты. Ағаштан түйін түйіп, ер-тоқым жасаумен айналысытан азаматтың арманы көп екен.
-
Ресей Украинадағы соғысты жалғастырады – Армия Бас штабының бастығы
Ресей Қарулы күштері Бас штабының басшысы Валерий Герасимов «арнайы әскери операция жалғасады» деп мәлімдеді. Оның сөзін Ресей Қорғаныс министрлігі жариялап, Герасимов "2025 жылғы көктемгі-жазғы науқанның қорытындысын шығарып, әскер топтарының болашақтағы міндеттерін нақтылағанын" көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ РБК-ға сілтеме жасап.
-
Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан бірнеше адам қаза тапты
Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан екі бірдей адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Францияда көлік көп адамды көпе-көрінеу қағып кетті
Францияның солтүстігінде көлік бір топ адамды соғып, бір адам қаза тауып, бес адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.
-
Бесаспап маман Болатбек
Адамды адам еткен – еңбек. Ауылда жүріп, қарапайым тіршілік тұтқасын ұстаған жанның бірі – Төле би атындағы орта мектептегі адал еңбек иесі Болатбек Жақыпбеков. Жамбыл ауданындағы бір мектептің тірегі болған еңбек адамымен BAQ.KZ тілшісі де әңгімелесіп қайтты.
-
Астана маңында қар жауды
Сенбі, 30 тамыз күні Ақмола облысындағы Макинка ауылының маңында қар жауды. Оқиға куәгерлері әлеуметтік желіде Астана – Көкшетау тас жолында түсірілген видеоны жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада жыл басынан бері ондаған самокат жүргізушісі апатқа ұшырады
Астанада самокат жүргізушілері тарапынан 5600-ден астам жол ережесі бұзылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Невадада жойқын жер сілкінісі болды
АҚШ-тың Невада штатында магнитудасы 5,3 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ауыл – ел бесігі: еңсесі биік елдімекен
Жамбыл облысына қарасты Тоғызтарау ауылдық округі бүгінде жаңа кейіпке еніп, еңсесін тіктеп келеді. 2006 жылы Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округінен бөлініп шыққан шағын ауыл аймағы бүгінде үш елді мекенді біріктіреді. Олар – Тоғызтарау, Жаңаөткел және Құмсуат ауылдары. BAQ.KZ тілшісі шалғайдағы ауыл тынысымен танысып қайтты.
-
Мектептерге оқулықтарды жеткізу мен тарату толық аяқталды
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының деректеріне сәйкес, оқулықтарды білім беру ұйымдарына жөнелту толық көлемде, яғни 100 пайызға орындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх