Все новости за 29 тамыз 2025
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Түркия Израильмен сауда байланысын толық үзді
Түркия Израильмен барлық сауда операцияларын тоқтатып, оның әуе және теңіз тасымалына шектеу енгізді.
-
Бұршақ, найзағай: елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Ертең, 30 тамызда еліміздің 18 облысында дауылды ескерту жарияланды.
-
Саусағы сынған: Ақтау аквапаркінде 6 жасар бала жарақат алды
Қазіргі уақытта аталған жағдайдың мән-жайы қаралып жатыр.
-
Алматыда алғашқы Цифрлық медицина орталығы ашылды
Алматыда денсаулық сақтау саласының негізгі қызметтерін біріктіретін заманауи Almaty Digital Medical Center – Қазақстандағы алғашқы Цифрлық медицина орталығы ашылды.
-
Алматы әуежайында жолаушы өзіне қол салған: полиция түсініктеме берді
Жолаушыға әуежайдың медициналық қызметкерлері жедел көмек көрсетіп, кейін ол қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.
-
Астанада еңбек жасақтарының еңбек маусымы салтанатты түрде жабылды
Астанада «Жасыл ел» студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының ХXI еңбек маусымы салтанатты түрде жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарағанды облысында "Жауынгерлік достастық – 2025" оқу-жаттығуы басталды
Қарағанды облысында ауқымды стратегиялық «Жауынгерлік достастық - 2025» оқу-жаттығуы жалауын көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Qazcontent-те PR-мамандарға арналған жасанды интеллект құралдары бойынша тренинг өтті
"Qazcontent" АҚ базасында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің PR-мамандарына жасанды интеллектті қолдану бойынша практикалық тренинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан ядролық қарусыз әлем үшін үндеу тастады
Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында ядролық сынақтарға жаһандық тыйым салу, ядролық қарусыздану, ядролық қарусыз аймақтар және ядролық қарусыз елдер үшін қауіпсіздік кепілдіктері тақырыбы бойынша отырыс өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы әуежайындағы кезекті оқиға: Жолаушы өз тамағын кесіп тастады
Алматы әуежайының T1 ішкі рейстер терминалында дәретханада тағы бір оқиға болды. Жолаушылардың бірі дәретхана бөлмесінде өз-өзін өлтірмек болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҚО жедел топтары терроризмге қарсы әрекеттерді пысықтады
БҚОЖШ жедел топтарының Орал қаласындағы М.Маметова атындағы әуежай аумағында «Дабыл» жоспары аясында бөлек жаттығулары өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Руслан Берденов Шымкент әкімінің орынбасары қызметінен кетті
Руслан Берденов өзінің өтініші бойынша Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті. Ол бұл қызметті биылғы жылдың ақпан айынан бері атқарып келген, деп хабарлайды BAQ.KZ Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
"Жұмысшы мамандықтар жылы": Маңғыстау политехникалық колледжі заманауи жабдықтармен нығайды
Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында кәсіптік-техникалық колледждердің материалдық базасы нығаюда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарағанды облысында кеншілер ұлықталды
Қарағанды облысында Шахтерлер күні қарсаңында ержүрек маман иелері ұлықталды. Күн сайын жер астына түсіп, елді энергия және жылумен қамтамасыз етіп жүрген жандарға алғыс сөздер, лайықты марапаттар көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қызылордада пробация есебіндегі екі азаматша мәжбүрлі емге жіберілді
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған екі азаматша маскүнемдіктен мәжбүрлеп ем алу үшін арнайы орталыққа жатқызылды. Бұл шара олардың туған-туыстарының өтініші негізінде жүзеге асырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Конституцияға 30 жыл: Президент атынан мерейтойлық медальдар табысталды
Бүгін елордада өткен “Конституция және мемлекеттілік: құқық және болашақ диалогы” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар табыс етілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыс қалай дамып жатыр?
Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыс – еліміздің сыртқы сауда, инвестиция тарту және көлік-логистика салаларындағы стратегиялық маңызды бағыттарының бірі. Соңғы жылдары екі ел арасындағы әріптестік жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төраға Си Цзиньпиннің шақыруымен 30 тамыз – 3 қыркүйек күндері Қытай Халық Республикасына барады. Сапар аясында экономикалық байланыс бойынша біршама келісімдер болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ипотеканы қай кезде алған дұрыс – Ұлттық банк басшысының кеңесі
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ипотеканы қай кезде алған абзал екенін айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Инфляция, ЖІӨ өсімі және несие: Базалық мөлшерлеме неге өзгермеді?
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5% деңгейінде сақтау туралы қабылданған шешімді түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тағы да тұрғын үй мәселесі: Астаналықтар саябақтың орнына салынбақ құрылысқа наразы
Астана тұрғындары қаланың бас жоспары бойынша саябақ салынатын 1,5 гектар жер паркингі бар 9 қабатты тұрғын үй құрылысы үшін қоршауға алынғанын айтып, дабыл қақты.
-
Университеттерге құжатты онлайн тапсыру арқылы 300 млн теңге үнемделді
Цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун ЖОО-ларға құжаттарды онлайн тапсыру жылына шамамен 300 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Казспецэкспорт" ісі: 1,6 млрд теңге жымқырғандар ұзақ мерзімге сотталды
Астанада резонанс тудырған "Казспецэкспорт" ісі бойынша сот үкімі шықты. 1,6 млрд теңге жымқырған бас директор 11 жылға сотталды. Мемлекетке келтірілген шығын өндірілді, 607 млн теңге мүлік тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Несие беру қатаңдатылуы мүмкін: Не өзгереді?
Қазақстанда тұтынушылық несие алу талаптары қатаңдатылуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ХҚКО-дағы жүктеме 2 есе азаяды: Қазақстанда қандай қызметтер цифрландырылмақ?
Қазақстанда көлік пен жылжымайтын мүлікті тіркеу, еңбек мигранттарына рұқсат беру, кадастрлық паспорттарды рәсімдеу қызметтері цифрландырылатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыдағы өзеннің түсі өзгерді: себебі анықталды
Алматыдағы Есентай өзені соңғы күндері қоңыр түске боялды. Бұл туралы мәселені қалалық мәслихат депутаты, эколог Тимур Елеусизов көтерді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, заңдылық пен тәртіпті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Биыл Астанада 1-сыныпқа 31 мыңға жуық оқушы барады
Астана қаласында 2025-2026 оқу жылында 206 орта білім беретін ұйым бар, оның ішінде 122-сі – мемлекеттік, 77-сі – жекеменшік, 7-еуі – республикалық, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шымкентте полицей қағып кеткен әйел қайтыс болды
28 тамыз кешкісін Шымкенттегі Желтоқсан көшесінде полиция қызметкері әйелді қағып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұлттық қордан 1,5 миллиард доллардан астам қаржы балалардың арнайы есепшотына жіберілді
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциясының 30 жылдығына арналған "Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы" атты ғылыми-практикалық конференцияда Ұлттық қордан балалардың есепшотына қанша қаржы жіберілгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Біз қазір әділетті, таза, қауіпсіз әрі қуатты Қазақстанды құрып жатырмыз – Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциясының 30 жылдығына арналған "Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы" атты ғылыми-практикалық конференцияда қауіпсіз әрі қуатты Қазақстанды құрып жатқанын айтып өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Музыкант 24 сағат бойы көшеде ән айтып, Гиннесс рекордын жаңартты
Ол 30 сағатқа дейін өнер көрсетуді жоспарлап, жергілікті қайырымдылық шарасына 3,6 млн теңгеден астам қаржы жинады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Екі жарым жыл ішінде Конституциялық соттың қарауына 11 мыңнан астам өтініш келіп түсті
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциясының 30 жылдығына арналған "Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы" атты ғылыми-практикалық конференцияда елімізде заң үстемдігін қамтамасыз ететін аса маңызды институт – Конституциялық сот құрылғанын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Енді бірнеше жерде жұмыс істейтіндер де бақылауға ілінеді
Елімізде азаматтардың бірнеше жерде жұмыс істеуі бірыңғай электронды жүйе арқылы қадағаланады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан Конституциясы: 30 жылда Ата заң қалай өзгерді?
30 тамыз – Конституция күні. Биыл 1995 жылы қабылданған Қазақстан Конституциясына 30 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында еліміздің негізгі заңы бірнеше рет өзгерістер мен толықтыруларға ұшырады. Осы орайда, BAQ.KZ тілшісі әзірлеген материал негізінде енгізілген түзетулерді еске түсіріп көрейік.
-
Президент: Еліміздің барлық азаматтары заңды құрметтеп, сақтауы керек
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған "Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы" атты ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Президенттің жақын туыстарына билік жүйесінде лауазымды қызмет атқаруға тыйым салу – әлемде баламасы жоқ конституциялық инновация
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциясының 30 жылдығына арналған "Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы" атты ғылыми-практикалық конференцияда еліміздің негізгі заңының тарихына тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
-
Зейнетақы: Енді еңбек өтілі Е-архив жүйесі арқылы расталады
Қазақстанда автоматты түрде зейнетақы тағайындау бойынша жүргізілген пилоттық жоба уақытша тоқтатылды. Енді еңбек өтілін растау Е-архив жүйесі арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Тамаққа жетіп, киімге жетпейді". Отбасылардың жағдайы жаңа тәсілмен бағаланбақ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әлеуметтік қорғау жүйесін жаңғырту бағытындағы жоспарларды таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев: Шын мәнінде, Ата заңнан биік ештеңе жоқ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» атты ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйледі
-
Ұлттық банк 270 миллиардты цифрлық теңгеге аударды. Бұл қазақстандықтар мен бизнеске қалай әсер етеді?
Қазақстанда цифрлық теңгені кезең-кезеңімен енгізу жалғасып жатыр. Егер бір жыл бұрын тек алғашқы сынақтар туралы айтылса, бүгінде көптеген бюджеттік үдерістің жүйелі түрде өзгергенін байқауға болады. Ұлттық банк BAQ.KZ редакциясының ресми сауалына берген жауабында еліміздің алғашқы цифрлық валютасы қазір қай кезеңде тұрғанын түсіндірді.
-
"Қауіпті қылмыскер": Таразда халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды
Таразда халықаралық іздеуде жүрген қауіпті қылмыскер ұсталды. Көліктегі полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аса ауыр қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген 42 жастағы шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ЖИ қазақстандықтарға жұмыс табуға қалай көмектесіп жатыр?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында Enbek цифрлық экожүйесін мысалға ала отырып, жасанды интеллект үлгілерін қолдану саласындағы жетістіктер жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандықтар Кореяда қашаннан бастап заңды жұмыс істей алады
Қазақстан азаматтарының Оңтүстік Кореяда еңбек етуі мен олардың құқықтық мәртебесі бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені өзгертпеді
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үйінен шығып, қайта оралмаған: Алматыда 16 жастағы жасөспірім іздестірілуде
Еріктілер 16 жастағы жасөспірімді іздестіріп жатыр. Ол 27 тамыз, сәрсенбі күні кешке Алматының Алмалы ауданындағы үйінен шығып кеткен, содан қайтып оралмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда қай жерде көлікті арзан жөндеуге болады?
Бір қалада май ауыстыруға бір сома төлесеңіз, ал басқа жерде мүлде басқа баға шығатынын байқадыңыз ба? Ел бойынша СТО қызметтерінің бағасы өсіп жатыр, бірақ әр аймақта әртүрлі қарқынмен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Әлемде: Газа қақтығысы өршіп тұр, АҚШ тарифтерді күшейтті, Мароккода динозавр табылды
Әлемде өткен тәуліктегі басты жаңалықтар: Газа қақтығысында қаза тапқандар саны артты, АҚШ импорттық тариф саясатын қатаңдатты, Мароккода ерекше динозавр табылды, Африкада аштық қаупі күшейді, Солтүстік Ирландияда музыкант Guinness рекордын жаңартты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
“Атыңызға несие рәсімделуде”: Қазақстандықтар барынан қалай айырылып жатыр?
Цифрлық технологиялардың дамуы жаңа мүмкіндіктермен қатар жаңа қауіптерді де әкелді. Бүгінде интернет-алаяқтық Қазақстандағы ең көп таралған қылмыс түріне айналып отыр. Азаматтар арзан тауарға алданып, жалған инвестициялық жобаларға ақша құйып немесе өзін банк қызметкері ретінде таныстырған алаяқтарға құпия деректерін беріп, барынан айырылып жатыр. Мысалы, соңғы 8 жылдың ішінде мұндай қылмыстар саны 10 есеге артқан.
-
Жылжымайтын мүлік нарығы: Мегаполистерде жалдамалы пәтерге сұраныс шегіне жетті
Соңғы айда пәтерлерге студенттер мен жас мамандар сұранысы көбейді. Ол тек бағаның өсуіне ғана емес, алаяқтар үшін де қолайлы орта қалыптастыруда. Жалға беру нарығы қалай өзгерді, студенттер нені таңдайды және баспана іздеу кезінде қақпанға түспеу үшін не істеу керек, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Күнде қуатты жарқыл тіркелді: Жерге қалай әсер етуі мүмкін?
Күннің белсенділігі артуда. 28 тамызда Күнде қуаты бойынша ең жоғарғыдан бір саты төмен класты жарқыл болды. Қолданбалы геофизика институтының хабарлауынша, бұл құбылыс 11 минутқа созылып, рентген диапазонында тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
-
ҰҚК Шекара қызметі тамызда 4,6 мың заң бұзушыны ұстады
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі тамыз айында мемлекеттік шекараны қорғау және күзету бағытында кешенді іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде бірқатар заңсыз әрекеттердің жолы кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тоқаев: Мұндай қасірет қайталанбауға тиіс
Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыған орай X әлеуметтік желісінде үндеу жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу: Жаңа ережелер қандай?
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу қағидалары белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: Әділетті Қазақстанның негізі – "заң мен тәртіп" қағидасы
Қазіргі қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мемлекеттің тұрақты дамуының негізі болып саналады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында басқарушы органдар алдына әрбір азамат өзін қорғауда сезінетін және мемлекеттік институттарға сенетін тиімді қауіпсіздік жүйесін құру міндетін қойды. Бүгінде Қазақстанда Үкімет бұл жұмысты кешенді түрде жүргізуде: қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіліп, цифрлы технологиялар енгізілуде, заңнама жетілдіріліп, мемлекет пен қоғам арасындағы әріптестік нығайтылуда.
-
Қайғылы оқиға: жасөспірімді құтқармақ болған ер адам онымен бірге көз жұмды
Ақтөбе облысының Алға ауданындағы Танаберген өзенінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
АҚШ Иранды ядролық бағдарламасы бойынша келіссөз жүргізуге шақырды
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио ядролық мәселені шешу үшін Иранмен байыпты дипломатиялық келіссөздер жүргізу қажеттігін мәлімдеді. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ Report-қа сілтеме жасап.
-
Түркістандағы фельдшерге шабуыл: күдікті ұсталды
Түркістан полициясы жедел жәрдем қызметкерін ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.
-
Аймаққа әйгілі Айхан шаштараз
Еңбек – өмірдің тұтқасы, ал еңбек адамы – қоғамның тірегі. Әдетте көпшілік дәрігерді, ұстазды, ғалымды ерекше қадір тұтады. Дегенмен қарапайым жұмысшы мамандық иелерінің де қоғамдағы орны орасан зор. Солардың бірі – шаштараз мамандығы. Жамбылдық шаштараз Айхан Мұхатаеваның жылдар бойғы еңбегімен BAQ.KZ тілшісі танысып қайтты.
-
Бірінші сыныпқа дайындық: Баланы мектепке қалай бейімдейміз?
Жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналардың уайымы күшейе түседі. Әсіресе биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндер мен олардың ата-анасы үшін бұл кезең ерекше толқумен өтетіні анық. Баланың қолына кішкентай сөмке ұстатып, жаңа ортаға шығару – ата-ана үшін қуаныш қана емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік. “Өркен” балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының аға оқытушысы, практик-психолог Әйгерім Даулет баланы мектепке қалай дайындау керегін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Пәкістанға муссондар әсерінен су тасқыны қаупі төніп тұр
Пәкістан үлкен табиғи апатқа ұшырады. Толассыз муссондық жаңбырлар Пенджаб провинциясында жойқын су тасқынын тудырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Таразда ескі мектептер заманауи үлгіде қайта жаңғыруда
Былтыр Таразға Байзақ, Жамбыл аудандарынан 37 мекеме қосылса, жаңа құрылыс есебінен 5 мектептің құрылысы аяқталып, 5 180 оқушы орны ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Зеленский Украинаның АҚШ-тағы елшісін тағайындады
27 тамызда Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тағы жаңа елші тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тісті тырнақ желімімен жамап жүрген стоматолог алаяқтыққа айыпталып жатыр
Флоридада (АҚШ) тіс жөндеу төңірегінде жанжал шықты: әйел өзін тіс дәрігері ретінде көрсетіп, науқастарға зиян келтірді деп айыпталуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Екі балаға бес жыл бойы қорлық көрсеткен күдіктіге қатысты тергеу аяқталды
Жамбыл облысында балаларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Украина БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төтенше отырысын өткізуді сұрады
Киев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрады. РИА Новости хабарлағандай, айтылған тақырып «Украинадағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау» деп аталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Польшада F-16 ұшағы әуе шоуына дайындық кезінде апатқа ұшырады
Польшаның Радом қаласында америкалық F-16 жойғыш ұшағы құлап, ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ержан Сейтенов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды
Қазақстан Президенті Әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Ержан Сейтенов тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх