Все новости за 19 ақпан 2024
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
ТЖМ ескертеді: Қатты аязда қалай қорғану керек
ТЖМ азаматтарды қатты аяз кезінде қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
-
Үш тонна балық пен қару: Алматы облысында браконьерлер тобы құрықталды
Алматы облысында өндірістік көлемде заңсыз балық аулаумен айналысқан браконьерлер тобы құрықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Ақмола мен Атырау облыстарында өрттен 2 адам қайтыс болды
Ақмола және Атырау облыстарында өрт салдарынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
-
10 облыста күн райына байланысты ескерту жарияланды
Еліміздің 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
-
Сенаторлар бизнес жүргізуді жақсартуға арналған заңды қарайды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Палата Бюросының отырысын өткізді. Онда депутаттар осы аптадағы іс-шараларды талқылады және 22 ақпан күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сегіз өңірде ауа райына байланысты жол жабылды
19 ақпан сағат 22.00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 8 облыста республикалық маңызы бар 22 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.
-
Ғалымдар табиғи жемшөп қоспаларын жасап шығарды
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор М. А. Юрий Балджидің жетекшілігімен ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарға арналған байытылған экструдталған құрама жем және жемшөп қоспалары әзірленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ертең астаналық оқушылар қашықтан оқиды
Бұл туралы қалалық Білім басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тұрғын үй нарығындағы баға қалай өзгерді
2024 жылғы қаңтарда тұрғын үйді алып-сату бойынша 31 713 мәміле тіркелген, еп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырауда газсыз қалған бүтін бір ауданның тұрғындары шу шығарды
Атыраудағы «Өркен» ықшам ауданының тұрғындары 3 аптадан бері табиғи газсыз отыр. Дірдек қаққан жұрт бүгін мәселенің шешімін таба алмай жатқан жауаптылардың жұмысына нарызылық танытып, көшеге шықты, деп хабарлайды облыстағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандық гимнаст тұңғыш рет әлем кубогінде жүлдеге ілікті
Спорттық гимнастикадан Египет астанасы Каирде өткен әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Зейнолла Ыдырысов қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
-
Күріш алқабы азаяды
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында биыл күріш 1300 гектарға аз егілетін болды. Себебі су тапшы, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
"Қазавиақұтқару" бас директоры тағайындалды
Ержан Жәкенов «Қазавиақұтқару» АҚ авиакомпаниясының бас директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Ақтөбелік ғалымдар қиярдың жаңа сұрпын ойлап тапты
Әлия Молдағұлова деп аталған көкөніс жергілікті ауа райына төзімді келеді. Сондықтан шаруалар арасында сұранысқа ие боларына сенімді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Семей қаласының сауда үйінен өрт шықты
Семей қаласы "Бирюса" сауда үйінде өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Былтыр 100-ден аса жекеменшік мектеп лицензия алды
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің мәліметінше, 2023 жылдың қорытындысы бойынша елімізде жекеменшік мектептердің қызметіне 114 лицензия берілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Эйфель мұнарасы жабылды
Эйфель мұнарасы уақытша жабылды. Оған қызметкерлерінің ереуілі себеп, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
Майқайыңалтын фабрикасы жұмысын тоқтатады
"Майқайыңалтын" АҚ фабрика жұмысын уақытша тоқтатуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.
-
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Тоқаевқа есеп берді
Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Жетісу қаңғыбас иттен қашан құтылады?
Былтыр өңірде 12 933 қаңғыбас ит пен 134 мысық ауланған. Тіпті жауапты мамандар тұрғындарға 739 815 мың теңге айыппұл да салған. Бірақ үй жануарларына зиян шеккен балалар азамай тұр, деп хабарлайды Жетісудағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Екі спортшымыз Венгриядағы турнирде жеңімпаз атанды
Венгрия астанасы Будапештте көркем гимнастикадан халықаралық турнир өтіп, Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
-
Ауа райына байланысты 4 облыста жол жабылды
19 ақпан сағат 18.00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар 4 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды
Нұрлан Ұранхаев облыстың денсаулық сақтау басқармасының міндетін атқарушы ретінде Талғат Қаркенұлы Молдабековті тағайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Мемлекет басшысы Өзбекстанның Сыртқы істер министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Павлодар әкімдігі зағиптардың жерін тартып алмақшы
Павлодар қаласының әкімдігі зағиптарға тиесілі жерді тартып алмақшы. Мақсат – 1200 орындық мектеп салу, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.
-
Тоқаев Қазақстан-Эстония арасындағы адамдардың реадмиссиясына қатысты заңды қабылдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шаруалар "мал аламын" деп алған 189 млн теңге қаражатын басқа мақсатқа жұмсаған
Ақтөбеде шаруа қожалықтарының басшылары алаяқтық жасады деп күдікке ілінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Отандық таеквандошылар Ирандағы ірі жарыста үш медаль жеңіп алды
Иран астанасы Тегеранда таеквондодан G-2 санатындағы 6th President’s Cup Asia Region турнирі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
-
Алматыда 233 адамнан коронавирус анықталды
Жыл басынан бері қалада коронавирустық инфекция жұқтырған 233 адам анықталды, оның 14%-ы 14 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Мемлекетке Каспий теңізінің жағалауы бойындағы 3,4 мың гектар жер қайтарылды
Маңғыстау облысының прокуратурасы Каспий теңізінің жағалауы бойындағы 3,4 мың гектар жер учаскесін жеке тұлғаға заңсыз беру фактісін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қыздарға адам папилломасына қарсы екпе салынады. Вирус жайлы не білеміз?
АПВ инфекциясын жұқтыру жатыр мойны обырын, вульва мен қынаптың, көмей мен ауыз куысының қатерлі ісігін тудыруы мүмкін. Бүгінгі таңда АПВ-ның емі жоқ, алдын алудың жалғыз әдісі - вакцинация. Жалпы АПВ деген не? Вирусқа қарсы вакцинаны Қазақстанда кімге салдырады? Вакцина тиімді ме? Бұл сұрақтарға Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жұмысшылардың еңбек жағдайы қалай жақсартылады
Астана қаласы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Үйлестіру кеңесінің отырысында кәсіподақ ұйымдарының 2023 жылы атқарылған жұмыстарына қорытынды жасалып, 2024 жылға арналған жоспарлар мен міндеттер белгіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Отандық фермерлер заманауи технологияны пайдалана ма?
Agritech саласы (агротехнология) Қазақстанда 2020 жылдан бастап кеңірек тарала бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алдағы уақытта күн райы қандай болатыны анықталды
Синоптиктер елімізде 20-22 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда есірткіге масайған полиция майоры қызметтік көлікпен апатқа ұшырады
19 ақпан күні есірткіге масайған полиция майоры қызметтік көлікті басқарып келе жатып, Toyota маркалы басқа жол-патрульдік машинасына соғысқан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Биыл колледж студенттерінің стипендиясы 50%-ға артады
2024 жылы қазақстандық колледж студенттерінің стипендиясы 50%-ға ұлғаяды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жамбылда белгісіз адамдар жолда жүк көліктерін тоқтатпақ болды
Белгісіз адамдар Жамбыл облысындағы тас жолда жүк көліктерін тоқтатуға тырысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Курьер болу төзімділік пен сыпайылықты қажет етеді
Курьерлер біздің күнделікті өмірдегі жұмысымыздың көптеген тұсын едәуір жеңілдетуге көмектеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Лудомания: Басы – қызық, арты – өкініш ...
Лудомания — қоғам дерті. Бүгінде елімізде бұл дертке "шалдыққандардың" саны жыл өткен сайын көбейіп барады.
-
Алматыдағы "Қазақстан" шипажайы мемлекетке қайтарылды
2013 жылы шипажай директоры «Қазақстан» шипажайдың барлық мүлкін кепілге қойып, кірісті жасанды түрде арттырып, ғимараттарды жөндеуге 2,6 миллиард теңге несие алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үшқоңыр тауын меншіктеп алғандардың әрекеті тексеріледі
Алматы облысындағы Үшқоңыр тауын меншіктеп алғандардың әрекеті тексеріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Өзбекстанмен тауар айналымы 10 миллиардқа жеткізілмек
Екі ел арасында сауда, өнеркәсіп, су, көлік және логистика салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері жете талқыланды.
-
Енді қазақстандықтар некеге тұрар алдында арнайы курстарға жіберіледі
Отбасылық-тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы заң жобасы шеңберінде қалыңдық пен күйеужігітті курстарда оқытуды мақсат ететін түзетулер қарастырылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық фильмдер шет елдерде көрсетіліп, қаражат жинап жатыр
Қазақстандық фильмдер стриминг-платформаларда және шет елдерде қаражат жинап жатыр. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
680 млн теңге: Алматы облысында білім бөлімінің басшысы қамауға алынды
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы облысы Іле ауданының білім бөлімі» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстанда қанша өзбек, Өзбекстанда қанша қазақ тұрады?
Бұл туралы Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиер Саидовтың Қазақстанға ресми сапары аясында Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Ұлытауда күтімді қажет ететін қарттардың 32 млн теңге зейнетақысы жымқырылған
Ұлытаудағы әлеуметтік мекеменің бұрынғы директоры зейнетақы мен жәрдемақы ұрлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандықтар VIP-нөмірлерге қанша қаражат жұмсағаны белгілі болды
2023 жылы қазақстандықтар VIP-нөмірлерге қанша қаражат жұмсағаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ШҚО-ның Алтай ауданында автобустар тоқтап қалды
Алтай ауданының тұрғындарына қоғамдық көлік проблемалары туралы ескертілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.
-
Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай жер сілкінді
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 628 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Мектептердің дәретханаларына қойылатын талаптар өзгереді
Денсаулық сақтау министрлігі "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, талқылауға шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы тағайындалды
Данияр Тұрғамбаев ҚР ЭТРМ комитеті төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ішімдік ішіп, көлік жүргізген 23 жастағы жігіт қамауға алынды
Алматыда Нұрсұлтан Назарбаев қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Арнайы операция. ҰҚК мен ІІМ 8 өңірінде аса ауыр қылмысқа қатысы бар 23 адам ұсталды
2024 жылғы 17 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырған операция шеңберінде Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жетісу облыстары және Шымкент қаласында 8 топты бейтараптандырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматылық дәрігерлер эхинококк құртына толы кистаны алып тастады
Алматылық дәрігерлер эхинококк құртына толы киста мен өт қабына ота жасады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Жол қауіпсіздігі: Қорғау қосымшаның пайдасы
Жалған нөмірі мен төлемеген айыппұлы бар көліктерді қосымша арқылы анықтауға болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Өткен аптада 2568 қылмыс жасалған
Өткен аптада елімізде 2568 қылмыс жасалған. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
-
"Кей жерде 20 см". Семейдегі танымал көпірдің жігі ажырап кеткен
Семейдің аспалы көпіріндегі деформациялық жіктерде жарықшалар пайда бола бастады. Аталған жайтқа алаңдаған тұрғындар әлеуметтік желіде жаппай видеолар жариялап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жастар Zhas Project конкурсына қашан қатыса алады
ОҚК алаңында өткен брифингте Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров "Zhas Project" шағын гранттар конкурсын өткізу кезеңдері туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстанда жастарға 1 млн теңгеден беріледі
Қазақстанда жастарды қолдауға арналған жоба іске қосылмақ. Конкурстың жеңімпаздарына млн теңгеден беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
2 млн теңге шығын: Қостанайда шіркеу заттарын ұрлаған күдікті ұсталды
Қостанайда полиция қызметкерлері шіркеу заттарын ұрлаған күдіктіні құрықтады. Шығын көлемі – 1,2 млн теңге, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
Ұлытауда 3 жетім баланы құлдықта ұстаған әйел қамауға алынды
Ұлытау облысында асыранды балаларды құлдықта ұстаған әйел ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Басқа тілдің жетегінде кетпеу керек - Назым Мақсатқызы
Міне біз де осыны баланың санасына құя білу керекпіз. Ол қалай жүзеге аспақ? Осы туралы Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Назым Мақсатқызы сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
"Омбы-Майқапшағай" автожолында қозғалыс толық қайта жанданды
Республикалық маңызы бар М-38 «Омбы-Майқапшағай» автожолында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс толық қайта жанданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астананың бастауыш сыныптары онлайн оқыту форматына көшеді
Бұл туралы қалалық Білім басқармасы хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.
-
Қазақстандықтарға баспанасына қатысты өзгерістер жайлы хабарлама келеді
Қазақстандықтарға жылжымайтын мүліктеріне қатысты өзгерістер жайлы хабарлама келетін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
"Казцинкке" 50 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды
Биыл қаңтарда Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі өзенінің ластану фактісі бойынша "Казцинк" ЖШС Риддер тау-кен байыту кешеніне қатысты жоспардан тыс жүргізілген тексеру аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қытай аумағында жер сілкінді
19 ақпанда Төтенше жағдайлар министрлігінің "ННЦСН" және "I" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақмола облысында өрттен ер адам қаза тапты
Ақмола облысында өрт салдарынан ер адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Апта басындағы валюта бағамы белгілі болды
Ұлттық банк 19 ақпандағы арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Динис Никиша Әлем Кубогы кезеңінде күміс жүлде жеңіп алды
Бүгін Динис Никиша Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Әлем Кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада жиһаз цехы өртеніп жатыр
Елордалық өрт сөндірушілер жиһаз цехындағы өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қарағанды облысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жаңа басшы келді
Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Күн райына байланысты 6 облыста автожолдар жабылды
19 ақпан сағат 9.00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар 6 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Халықаралық көлік дәлізін дамыту мәселесі талқыланды
Көлік кеңесінің отырысында халықаралық көлік дәлізін дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Көркем гимнастика: Айбота Ертайқызы мен Эрика Жайлауова ел қоржынына 4 алтын медаль салды
Мажарстан астанасы Будапеште өткен көркем гимнастикадан 28-ші Gracia Fair Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Есік көліндегі бөгет мемлекетке қайтарылды
Алматы облысы Есік көліндегі бөгет қайтадан коммуналдық меншікке өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Онлайн оқу: 9 облыстың оқушылары қашықтан оқиды
19 ақпан, дүйсенбі күнгі ауа райының қолайсыздығына байланысты 9 облыстың оқушылардың сабағы қашықтан оқытылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Ешқашан берілме»: Трамп өзінің кроссовкаларын шығарды
Трамп сот оны алаяқтық үшін кінәлі деп тапқаннан кейін бір күнде үш түрлі кроссовкалардың жеке желісін іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ CNN арнасына сілтеме жасап.
-
Алты қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін
19 ақпан, дүйсенбі күні ел аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жеңіл атлетика: Елизавета Матвеева Азия чемпионатында үздік атанды
Тегеран қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі XI Азия чемпионатының екінші жарыс күні аяқталып, бұл сында қазақстандық Елизавета Матвеева Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Маңғыстау облысындағы тас жолда автокөлік қалың қарға батып қалды
Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар қызметіне «Жаңаөзен – Құланды» тас жолында автокөліктің қарға батып қалғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.
-
Астанада монша өртке оранды
Кеше сағат 17:37-де астана өрт сөндірушілері Сусамыр көшесіндегі моншадан шыққан өртті сөндіруге барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбелік өрт сөндірушілер тұрғын үйдегі өрттен құтқарды
Ақтөбелік өрт сөндірушілер 8 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
11 облыста жол қозғалысына шектеу қойылған
2024 жылғы 19 ақпандағы сағат 00.00-дегі жағдай бойынша ауа райының нашарлауына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар 64 автожолда қолданылатын көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұлттық құрама Дохадағы регатада 4 медаль жеңіп алды
Бүгін Қатар мемлекетінің астанасы Дохада желкенді қайық спортынан халықаралық регата аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Көкнәр сатқан көкшетаулық келіншек 10 жылға сотталды
Ақмола облысында 50 кг астам көкнәр тұқымын сату кезінде қолға түскен көкшетаулық әйел 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Атырауда еліміздегі мұнай-газ-химиясын одан әрі дамыту жолдары талқыланды
Энергетика министрлігі Атырау қаласында өткен Мұнай-газ-химиясы форумына қатысты. Форумда еліміздегі мұнай-газ химиясын одан әрі дамытудың өзекті мәселелері және қажетті қолдау шаралары талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
Наверх