Онлайн оқу: 9 облыстың оқушылары қашықтан оқиды

19 Ақпан 2024, 08:18
10325
Бөлісу:
Онлайн оқу: 9 облыстың оқушылары қашықтан оқиды
Фото: baq.kz

19 ақпан, дүйсенбі күнгі ауа райының қолайсыздығына байланысты 9 облыстың оқушылардың сабағы қашықтан оқытылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Білім беру басқармасының мәліметінше, Астана, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Семей, Петропавлдың мектеп оқушылары мен колледж студенттері онлайн оқиды.

Сондай-ақ Қызылорда мектептерінің бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқитын болады.

Айта кетейік, бұған дейін елорда мектептерінің бірінші ауысымдағы оқушылары мен студенттері онлайн оқитынын хабарлаған едік.

Өзгелердің жаңалығы