ШҚО-ның Алтай ауданында автобустар тоқтап қалды

19 Ақпан 2024, 13:23
301
Бөлісу:
ШҚО-ның Алтай ауданында автобустар тоқтап қалды

Алтай ауданының тұрғындарына қоғамдық көлік проблемалары туралы ескертілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.

Алтайда ауа температураның күрт төмендеуіне байланысты қоғамдық көліктердің уақытында жүруіне қатысты проблемалар туындады. Себебі, дизель отыны қатып қалады, дегенмен тасымалдаушылар автобустарды жылыту үшін қажетті шараның бәрін жасауда, - деп хабарлады Алтай ауданының әкімдігі.

Кейбір автобустар жолаушылар тасымалдау желісіне шықты, бірақ маршруттарда үзілістер болуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы