Ауа райына байланысты 4 облыста жол жабылды

19 Ақпан 2024, 18:56
660
Бөлісу:
Ауа райына байланысты 4 облыста жол жабылды
Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК

19 ақпан сағат 18.00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар 4 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі мәлім етті.

Жамбыл облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 79 км (қар, боран, жел, шектеулі көрініс) 1. "Алматы-Ташкент-Термез" - Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (барлық көлік үшін). 

Жетісу облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 100 км (қар, боран, жел, шектеулі көрініс) 1. "Үшарал-Достық" - Көктұма ст.-Достық ст. (барлық көлік үшін); 

Қостанай облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 83 км (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты) 1. "Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау обл.шек-Арқалық қ. (барлық көлік үшін) 

Ұлытау облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 115 км (боран жел, шектеулі көрініс) 1. "Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау кенті-Қостанай обл.шек (барлық көлік үшін) 

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 694 бірлік техника және 1536 жолшы жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы