Тоқаев Қазақстан-Эстония арасындағы адамдардың реадмиссиясына қатысты заңды қабылдады

19 Ақпан 2024, 18:31
909
Бөлісу:
Тоқаев Қазақстан-Эстония арасындағы адамдардың реадмиссиясына қатысты заңды қабылдады
Фото: BAQ.KZ - архив

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстония Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген хабарламада. 

Сонымен қоса Президент «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 

Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.

Өзгелердің жаңалығы