10 облыста күн райына байланысты ескерту жарияланды

19 Ақпан 2024, 22:05
718
Бөлісу:
10 облыста күн райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: BAQ.KZ архив

Еліміздің 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.

Ұлытау облысында екпінді жел соғады.

Қарағанды облысында 38 градус аяз болып, жел күшейеді.

Түркістан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жетісу, Абай, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында 40 градус аяз болады.

Жамбыл облысында жаяу бұрқасын соғады.

Өзгелердің жаңалығы