Көркем гимнастика: Айбота Ертайқызы мен Эрика Жайлауова ел қоржынына 4 алтын медаль салды

19 Ақпан 2024, 08:50
688
Бөлісу:
Көркем гимнастика: Айбота Ертайқызы мен Эрика Жайлауова ел қоржынына 4 алтын медаль салды
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Мажарстан астанасы Будапеште өткен көркем гимнастикадан 28-ші Gracia Fair Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жекелей сында Айбота Ертайқызы доппен, лентамен және ұршықпен өнер көрсетуде дес бермей, 3 жаттығуда алтыннан алқа тақты. Ал Эрика Жайлауова шығыршық жаттығуында чемпион атанды.

Кеше көпсайыста Айбота күміс (125,2 балл), Эрика қола жүлдегер (122,25 ұпай) атанған. Сондай-ақ мұнда Ұлттық құрама гимнасты Милана Парфилова 4-ші, Зере Бақытжанқызы 6-шы, Айым Мейіржанова 7-ші сатыға тұрақтады.

Өзгелердің жаңалығы