Өткен аптада 2568 қылмыс жасалған

19 Ақпан 2024, 11:52
289
Бөлісу:
Өткен аптада 2568 қылмыс жасалған
Фото: Polisia.kz

Өткен аптада елімізде 2568 қылмыс жасалған. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Елдегі криминогендік жағдайға тоқталған Шұғыла Тұрлыбек елде бір апта ішінде жасалған қылмыстар туралы айтты.

Елде бір апта ішінде 2568 қылмыс жасалған. Оның 1605-і тәулік ішінде ашылды. Оның ішінде 9 кісі өлтіру, 6 өлімге әкеліп соққан денсаулыққа қасақана зиян келтіру,3 қарақшылық, 20 тоңау, 293 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстары бар, - деді спикер.

Өзгелердің жаңалығы