Алты қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

19 Ақпан 2024, 07:46
545
Бөлісу:
Алты қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін
Фото: baq.kz

19 ақпан, дүйсенбі күні ел аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 19 ақпан, дүйсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Қостанай, Өскемен, Риддер, Алматы, Ақтөбе, Астана қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы