Астанада монша өртке оранды

19 Ақпан 2024, 05:45
548
Бөлісу:
Астанада монша өртке оранды
Фото: скрин

Кеше сағат 17:37-де астана өрт сөндірушілері Сусамыр көшесіндегі моншадан шыққан өртті сөндіруге барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жалпы өрт 50 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт сөндірушілердің күшімен тілсіз жау сағат 18:05–те оқшауланып, 20:44–те толық жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамның 15 қызметкері және 3 техникасы жұмылдырылды, – деп жазды ТЖД-дан.

Өзгелердің жаңалығы