Мектептердің дәретханаларына қойылатын талаптар өзгереді

19 Ақпан 2024, 12:57
1449
Бөлісу:
Мектептердің дәретханаларына қойылатын талаптар өзгереді
Фото: Артём Чурсинов

Денсаулық сақтау министрлігі "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, талқылауға шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Объектілердің санитариялық тораптарында унитаздар, қол жуатын раквиналар, қолды жууға және кептіруге арналған құралдар, дәрет қағазына арналған ұстағыштар, қоқыс жинауға арналған қоқыссалғыштар орнатылады. Санитариялық тораптар дәрет қағаздарымен қамтамасыз етіледі. Объектілерде мектеп алды сыныптары үшін балаларға арналған унитаздар орнатылады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін унитаздар есіктері жабылатын жабық кабиналарда орналастырылады, - делінген құжатта.

Санитариялық тораптар ҚР СТ 3845-2023 «Жалпы білім беретін мектептердің санитариялық тораптары. Жалпы талаптар және қауіпсіздік талаптары» ұлттық стандартына сәйкес келуі тиіс.

Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тұруына арналған объектіні бөлек тұрған ғимараттарға, ішіне-жапсарлас салынған ғимараттарға, сондай-ақ оқу корпустарымен көрші ғимараттарға орналастыруға жол беріледі.

Сонымен қатар ТжКО, ОБКБ және ЖЖОКБҰ білім алушыларына арналған студенттік жатақханаларда 4-6 адамға 1 себезгі, 1 қол жуатын раквина және 1 унитаз орнатылады. Әйелдердің жеке гигиенасы кабинасы 50 адамға шаққанда 1 кабина есебінен көзделеді және унитазбен, бидемен, себезгімен және қол жуатын раквинамен жабдықталады.

Өзгерістер 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілуі мүмкін.

Құжат Ашық НҚА-да орналастырылған. Бұйрық 1 наурызға дейін талқыланады.

Өзгелердің жаңалығы