Астананың бастауыш сыныптары онлайн оқыту форматына көшеді

19 Ақпан 2024, 10:47
273
Бөлісу:
Астананың бастауыш сыныптары онлайн оқыту форматына көшеді
Фото: Мәди Искаков - архив

Бұл туралы қалалық Білім басқармасы хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

2024 жылғы 19 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Семей қаласында 2024 жылғы 19 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 ауысымда оқитын 0-11 сынып оқушылары және колледждердің 1, 2 курс студенттері (9-сыныптан кейін тускен) үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Өзгелердің жаңалығы