Алматылық дәрігерлер эхинококк құртына толы кистаны алып тастады

19 Ақпан 2024, 12:08
924
Бөлісу:
Алматылық дәрігерлер эхинококк құртына толы кистаны алып тастады
Фото: Алматы қалалық шұғыл көмек көрсету ауруханасы

Алматылық дәрігерлер эхинококк құртына толы киста мен өт қабына ота жасады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматыдағы қалалық шұғыл көмек көрсету ауруханасына 42 жастағы ер адамды жеткізген. Ол іш қуысында өскін пайда болып, іші үлкейіп кеткенін, әлсіздік байқалып, қызуы көтерілетінін, ішінің жиі-жиі толғақ қысқандай ауыратынын айтып шағымданған.
2,5 сағаттық отаны хирургтер Нұрхат Есенбеков пен Дәурен Әбдуалиев, анестезиолог Бэлла Бажинова, медбике Лашын Болысбаева жасады. 

Әдетте, ересек адамда өт қабының ұзындығы 7-10 см, ені 5 см төңірегінде, сопақша немесе алмұрт тәріздес пішінді болып келеді. Ал бұл науқастың өт қалтасы нормадан 3-4 есе үлкен және іш қуысының жартысына жуығын алып жатты. Мұндай жағдайды өз басым алғаш рет кездестіріп отырмын. Қалыптан тыс алып өт қабы мен бауырға жабысқан эхинококк кистасы ерекше клиникалық және патологиялық жағдай болып есептеледі. Одан тек хирургиялық операция арқылы ғана арылуға болады, - дейді хирург Нұрхат Есенбеков.

Алматылық дәрігерлер эхинококк құртына толы кистаны алып тастады

Пациент отадан кейін жетінші күні ауруханадан шықты. Жалпы құны 400 мың теңгеден асып жығылатын операция МӘМС қаражатына жасалған.

Өзгелердің жаңалығы