"Омбы-Майқапшағай" автожолында қозғалыс толық қайта жанданды

19 Ақпан 2024, 11:04
279
Бөлісу:
"Омбы-Майқапшағай" автожолында қозғалыс толық қайта жанданды
Фото: скрин

Республикалық маңызы бар М-38 «Омбы-Майқапшағай» автожолында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс толық қайта жанданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абай облысында биіктігі 80 см-ге жететіндей қалың қар жауып, Көкпекті ауданында табиғи төтенше жағдай режимі жарияланып, республикалық маңызы бар М-38 «Омбы-Майқапшағай» 910-1002 шақырым, «Қалбатау а.-Көкпекті а.» - 92 шақырым аралығына уақытша қозғалысқа шектеу енгізілген болатын.

Алайда, жолшылардың ерен еңбегінің арқасында күре жол толықтай қардан тазартылып, қазіргі уақытта шектеу алынды.

Ағымдағы сағатта аталған өңірде ауа температурасы -28 градусты көрсетіп тұр. Арнайы техника мен жол қызметкерлері қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.

«Омбы-Майқапшағай» автожолында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс толық қайта жанданды
Өзгелердің жаңалығы