Екі спортшымыз Венгриядағы турнирде жеңімпаз атанды

19 Ақпан 2024, 19:04
367
Бөлісу:
Екі спортшымыз Венгриядағы турнирде жеңімпаз атанды
Фото: olympic.kz

Венгрия астанасы Будапештте көркем гимнастикадан халықаралық турнир өтіп, Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Айбота Ертайқызы мен Эрика Жайлауова ел қоржынына 4 алтын медаль салды

Айбота Ертайқызы жекелей сында доп, лента және ұршықпен өнер көрсетуде дес бермей, 3 жаттығуда алтыннан алқа тақты. Ал Эрика Жайлауова шығыршық жаттығуында чемпион атанды.

Көпсайыс қорытындысы бойынша Айбота күміс (125,2 балл), Эрика қола жүлдегер (122,25 ұпай) атанған. Сондай-ақ мұнда ұлттық құрама мүшелері Милана Парфилова 4-ші, Зере Бақытжанқызы 6-шы, Айым Мейіржанова 7-ші сатыға тұрақтады.

Өзгелердің жаңалығы