Все новости за 4 желтоқсан 2023
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
ШҚО-да жол апатынан екі адам көз жұмды
Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен-Риддер тасжолында жол апатынан 2 адам қаза болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ар-Риядта қазақстандық көркем фильмінің көрсетілімі өтті
«Елшінің таңдауы» атты халықаралық кинофестиваль аясында көрермендерге режиссер Алдияр Байрақымовтың «Паралимпиец» атты қазақстандық көркем фильмі ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әзербайжан мен Қазақстан ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көтерілуде
Әзербайжан астанасы Бакуде Қазақстанның мәдениет күндері өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Кәсіптердің жаңа тізілімі жасақталды
Қазақстанда кәсіптік біліктілікті тану үшін Кәсіптер тізілімі қалыптастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Еңбекминінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы көлемі 26 млн тоннадан астамды құрады
Ағымдағы жылдың 2 желтоқсанында Қазақстан мен Қытай арасында 26,1 млн тонна көлемінде Темір жол ынтымақтастығы ұйымының кеңесінде келісілген темір жол көлігімен тасымалдаудың жылдық жоспары мерзімінен бұрын орындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елордада «Qysqy jugiru» жарысына тіркелу басталды
Астанада 24 желтоқсан күні Триатлон саябағында жыл сайынғы QYSQY JUGIRU жарысы өтеді. Qysqy jugiru жарысының негізгі қашықтығы – 10 шақырым, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Елімізде телефон ұрлығы 16%-ға төмендеді
Қазақстанда телефон ұрлығы 16%-ға төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
-
Алматының экономикалық даму көрсеткіші жыл сайын артып келеді
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласының экономикасын әртараптандыру, инвестициялар тарту, экологияны жақсарту туралы баспасөз-конференциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ШҚО-да заңсыз балық аулаған тұрғын ұсталды
Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері тыйым салынған аймақта балық аулаған тұрғынды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
-
Сенат спикері Өзбекстан Олий мажлисі Сенатының төрағасымен кездесті
Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев «Орталық Азия әйелдерінің диалогы» атты халықаралық конференцияға қатысу үшін елімізге келген Өзбекстан Олий Мажлисі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қосшыда өрт сөндіру бекеті іске қосылды
Қосшы қаласында мобильді пост жұмыс істей бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Астанада №47 бағдардың қозғалыс сызбасы өзгерді
Елордада №47 бағдардың қозғалыс сызбасы өзгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұшу қауіпсіздігін арттыру бойынша бірқатар іс-шара жүргізілді
Көлік прокуратурасы органдарының қадағалау актілері бойынша Көлік министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп авиақауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Президент ШҚО әкімі Ермек Көшербаевты қабылдады
Мемлекет басшысына облыстың биылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы метрополитенінде қосымша құрам желіге шығарылды
Енді қарбалас уақытта желіде 11 құрам 5 минут 38 секунд жиілікпен қызмет көрсететін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаздары анықталады
12 желтоқсанда Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жыл сайынғы «Алтын сапа» сыйлығы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әйел үшін ең қауіпті орын оның үйі болып тұр – Микаэлла Фриберг-Стори
Әйел үшін ең қауіпті орын оның үйі болып тұр. Бұл туралы БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэлла Фриберг-Стори айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
СҚО-да 600 отбасы баспаналы болды
Солтүстік Қазақстан облысында 600 отбасы қоныс тойын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Тоқаев Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ аясында жүзеге асырылатын миссияларға қатысу үшін қазақстандық бітімгерлік контингенттің әлеуетін арттыру қажет екенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жамбыл облысында 3 су қоймасының құрылысы басталды
Бұдан бөлек облыстық бюджет есебінен 8 бөгет салынбақ, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
-
Ләззат Сүлеймен: Әйел учаскеде және күнделікті өмірде өзін заң қорғайтынын білуі керек
Мұндай пікірді ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы демографиясы саясаты жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Елордада Халықаралық волонтерлар күніне арналған симпозиум өтті
Бүгін Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық волонтерлік желінің қолдауымен, сондай-ақ БҰҰ Еріктілер бағдарламасының қатысуымен келе жатқан Халықаралық волонтерлар күніне арналған симпозиум өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда 13 мыңнан астам ағаш кесілді
Алматыда жыл басынан бері 180 мың ағаш және 60 мың бұта отырғызылды. Санитарлық мақсатта 13,1 мың ағаш кесіліп, 2,3 млн ағаш өңделді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Елімізде МЖӘ тетігі арқылы құны 261 млрд теңгеден асатын жаңа әлеуметтік объектілер салынады
Елімізде алдағы жылдары мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы бірсыпыра жаңа әлеуметтік объектілер ашу жоспарланып отыр. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Әлеуметтік саладағы МЖӘ-ні дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тәжікстан гендерлік теңдікпен қалай күреседі
Бұл туралы Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы әйелдер және отбасы істері комитетінің төрағасы Хилолби Курбонзода Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы конференциясында айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан мен Иран өзара тауар айналымын $3 млрд-қа жеткізуді көздеп отыр
Тегеран қаласында Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 19-шы отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Сенат отырысының күн тәртібі бекітілді
Сенат Бюросының отырысында депутаттар 7 желтоқсан күні өтетін Палата отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбеде әскери қызметкер әріптесін атып өлтірді
Ақтөбе облысының шекара заставасында әскери қызметкер қызметтесін атып тастаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда туристер саны 2 млн-ға дейін артады
Алматыда тоғыз айдың қорытындысы бойынша мегаполистегі туристер саны 17,5% - ға өсіп, 1,5 млн адамнан асты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы облысының үш судьясы пара алды деген күдікке ілінді
Алматы облысының Қонаев қаласы сотының төрағасы, Талғар аудандық сотының судьясы, Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы пара алды деп айыпталуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Қазақстан Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогына төрағалық етуді аяқтады
Қазақстанның 2023 жылғы Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогындағы төрағалығының қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматыда өрттен 70 тұрғын эвакуацияланды
Алматыда Бостандық ауданында орналасқан тұрғын үйдің электр тарату желісінен өрт шығып, дәлізді қою түтін басқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тиісті жазасын алды. СҚО әкімі мемлекеттен бөлінуді қалайтындар туралы айтты
Адамдар сотталып, тиісті жазасын алды. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдегі сепаратизмге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Биыл қыста петропавлдықтар жылудан тағы таршылық көрмей ме? Әкім жауап берді
Бұл қыста қандай да проблема болады деп айта алмаймыз
-
Жыл соңына дейін жастарға 55 ипотекалық несие беріледі
«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша жастарға 2023 жылдың соңына дейін 55 ипотекалық несие беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қаласы əкімдігінің қоғамдық қабылдау бөлмесіне сілтеме жасап.
-
Елордалық жұп би сайысында әлем чемпионы атанды
Астана қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында 10 түрлі биден алғаш рет Нейдас Ленкитис пее Тамара Беленькая жұбы топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
-
Теріскейде қазақыландыру жұмысы қалай жүріп жатыр? Өңір әкімі жауап берді
Қазақыландыру жұмысы біртіндеп жүргізіліп жатыр.
-
Оқиға туралы оқыған сайын жүрегім ауырады. Депутат Бишімбаевтың ісі жайлы айтты
Мәжіліс төрағасының орынбасары Дәния Еспаева Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы конференциясының кулуарында әйелін өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Солтүстік Қазақстан облысында 170 мектеп Starlink интернетіне қосылады
Мемлекет басшының тапсырмасы 100 пайызға орындалды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қырғызстан ерте некеге тұру мен отбасындағы зорлық-зомбылықты криминизацияламақ
Бұл туралы елордада өтіп жатқан Орталық Азия елдері әйелдері диалогының конференциясында Қырғыз Республикасы Жоғарғы кеңесі төрағасының орынбасары Жамила Исаева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
ШҚО-да оқушылар қашықтан оқып жатыр
Алтай қаласындағы білім мекемелерінде күн райының қолайсыздығына байланысты сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
-
Түркістандағы бала өлімі. Зәкиева кінәлілерді жауапқа тартуды талап етті
ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева екі аптада Қызылорда және Түркістан облыстарында ашық жатқан кәріз құдығына құлауы салдарынан екі бала көз жұмғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ересектер арасында рекорд орнатсам деймін - Едіге Емберді
Ауыр атлетикадан Мексиканың Гвадалахара қаласында өткен әлем чемпионатында топ жарған 18 жастағы Едіге Емберді көпті таң қалдырды. Осы ретте BAQ.KZ тілшісі жас спортшымен сұхбаттасқан еді.
-
Өзбекстан отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы тәжірибесін бөлісуге дайын
Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Олий Мәжіліс төрағасы Танзила Нарбаева Орталық Азия әйелдері диалогының конференциясында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада «Jastar Jalyny-2023» жастар шығармашылық фестивалі басталды
Астананың жоғары оқу орындары мен студент жастары арасында «Jastar Jalyny-2023» шығармашылық фестивалі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық боксшы Әлем чемпионы атанды
Айсұлу Мұхит бокстан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Qazsporttv арнасына сілтеме жасап.
-
Қазақстандық жас теннисшілер Түркияда топ жарды
Түркияның Ыстамбұл қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында үшінші санаттағы Tennis Europe турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қырғызстан 2024 жылы Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогына төрағалық етеді
Қазақстанның 2023 жылғы Орталық Азия әйелдері диалогына төрағалығы аяқталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Енді зардап шеккен әйелдер әйел полицейлер учаскесіне барып, көмек сұрай алады
Бұл туралы Орталық Азия елдері әйелдер диалогының халықаралық конференциясында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Зорлық-зомбылық құрбандары: Қошанов әйелдер не себептен арыздарынан бас тартатынын айтты
Орталық Азия елдері әйелдер диалогының халықаралық конференциясында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов отбасындағы зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдер не себепті арыздарынан бас тартатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Әйелді ұрып-соғу, харассмент: Заңға қандай өзгерістер енгізіледі
Елордада БҰҰ қолдауымен ұйымдастырылған Орталық Азия елдері әйелдер диалогының халықаралық конференциясы басталды. Жиында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов зорлық-зомбылықпен күрес мақсатында Қазақстан қандай заңға қандай өзгерістер енгізетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Air Astana не себепті 900 млн теңгеге жуық айыппұл арқалағаны анықталды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Air Astana" АҚ-ға қатысты тексеру қорытындыларын жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Орталық Азия елдері зорлық-зомбылық мәселесін талқылауды бастады
Елордада БҰҰ қолдауымен ұйымдастырылған Орталық Азия елдері әйелдер диалогының халықаралық конференциясы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Мүгедектігі бар адамдар портал арқылы 538 мыңнан астам қызмет алды
2023 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 428,1 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын 7,5 мың – ымдау тілі қызметін, 25,5 мың – жеке көмекшінің, 77,2 мың – санаторлық-курорттық емдеу қызметін алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елімізде валюта бағамы тағы өзгерді
Ұлттық банк 4 желтоқсандағы арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
ІІМ интимдік қызмет көрсететін притондарға тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
ІІМ интимдік сипаттағы қызмет көрсететін притондарға қатысты ауқымды тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
-
Ержан Сейітқұлов жаңа қызметке тағайындалды
Ержан Сейітқұлов ҚР Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Димаш Құдайберген "Karić brothers award" сыйлығына ие болды
Бұл туралы әнші Инстаграмдағы парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы тауларында бәйшешек гүлдеді
Қала тұрғындары қыстың алғашқы күндерінде өсе бастаған гүлдің суреттерін әлеуметтік желілерде жариялаған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
-
Жанбота Алдабергенова Әлем кубогы кезеңінде қола жүлде алды
Ұлттық құрама спортшысы Жанбота Алдабергенова Финляндияның Рука қаласында аяқталған фристайл-акробатика мен могулдан Әлем кубогының алғашқы кезеңінде үздік үштікті түйіндеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Елдің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Синоптиктер ертең, 4 қарашада Қазақстанның 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада ішінде адам отырған көлік жанып кеткен
Астанада көлік өртеніп кетті. Жеңіл көлік жүргізушісі көміртегі тотығынан уланып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматы облысында оқушылар арасында жаппай төбелес болды
Оқушылардың топтасып алып жаға жыртысып жатқанын көрсететін бейнежазба әлеуметтік желіге де тарап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстандық боксшы Әлем чемпионатында екінші алтынды жеңіп алды
Қазақстандық боксшы Толғанай Қасымхан Ереванда (Армения) өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
-
ШҚО нейрохирургтары жұлынға нейростимуляторды импланттау тәжірибесімен бөлісті
Абай облысында алғаш рет "СМУ" КеАҚ университеттік госпиталінің базасында нейрохирургия бөлімшесінде Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығының инновациялық медицина бөлімшесі дәрігерлерінің мультидисциплинарлық тобы мастер-класс өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қар, екпінді жел: Екі облыста автожолдар жабылды
Күн райының нашарлауына байланысты (екпінді жел, қар) екі облыс аумағында республикалық жолдардың 5 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы BAQ.KZ «ҚазАвтоЖолға» сілтеме жасап хабарлайды.
-
Оралдық полицейлер бопсалаушыларды ұстады
БҚО ПД экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күшпен 1992 ж.т. Орал қаласының тұрғынынан 2 миллион теңге көлемінде ақша бопсалаған 1984 ж.т. тұрғынын анықтап, ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әзербайжанда Қазақстанның мәдениет күндері басталды
Әзербайжан астанасы – Баку қаласында Қазақстан Республикасының мәдениет күндері ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Наверх