Алматыда 13 мыңнан астам ағаш кесілді

4 Желтоқсан 2023, 16:59
638
Бөлісу:
Алматыда 13 мыңнан астам ағаш кесілді
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда жыл басынан бері 180 мың ағаш және 60 мың бұта отырғызылды. Санитарлық мақсатта 13,1 мың ағаш кесіліп, 2,3 млн ағаш өңделді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихаты барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров мәлімдеді.

Жаңа ережелер бойынша жасыл желектерге биологиялық өңдеу жүргізілді және санитарлық және қалыпты өңдеу үшін бірыңғай талаптар әзірленді. Қаланы көгалдандыру мақсатында осы жылдың басынан бастап 180 мың ағаш және 60 мың бұта отырғызылды. Санитарлық мақсатта 13,1 мың ағаш кесіліп, 2,3 млн ағаш өңделді. Автокөлікпен суарумен қамту 4,4 есеге артып, 587 гектарға жетті, – деді қала әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров.

Алматыда барлығы 153 саябақ пен тынымбақ, 355 жаяу жүргіншілер аймағы және жасыл аймақ, 23 гүлзар мен 11 жағалау бар.

Өзгелердің жаңалығы