Қырғызстан ерте некеге тұру мен отбасындағы зорлық-зомбылықты криминизацияламақ

4 Желтоқсан 2023, 13:10
503
Бөлісу:
Қырғызстан ерте некеге тұру мен отбасындағы зорлық-зомбылықты криминизацияламақ
Фото: Мәжіліс

Бұл туралы елордада өтіп жатқан Орталық Азия елдері әйелдері диалогының конференциясында Қырғыз Республикасы Жоғарғы кеңесі төрағасының орынбасары Жамила Исаева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі тақырып өте өзекті. Өйткені Қырғызстанда басқа елдердегідей әйелдерге, қыздарға қатысты гендерлік зорлық-зомбылық күрделі проблема болып отыр. Сондай-ақ бұл проблема дер кезінде ден қоюды талап етеді. Қырғыз Республикасының Жоғарғы кеңесі - заң шығарушы орган. Заңнамалық актілерді әзірлеп, қабылдап жатқан орган. Ол адамдардың өмір сапасын арттыруға үлес қосып жатыр, - деді сарапшы.

Сонымен бірге оның сөзінше, Қырғызстан ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктеріне мемлекеттік кепілдік жөнінде заң қабылдаған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет болып отыр.

Заңнаманы талдау, әйелдердің құқығының бұзылуы, зорлық-зомбылық және дискриминацияның алдын алу бойынша Жоғарғы кеңес 2020 жылы әйелдер құқықтары бойынша кеңес құрған.

Оның сөзінше, қазіргі күні қырғыз депутаттарының бастамасымен отбасындағы зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша заңға өзгерістер енгізіліп жатыр.

Сонымен бірге ерте некеге тұру, отбасындағы зорлық-зомбылықты криминизациялау бойынша новеллаларды көздеп отыр. Қырғызстан адам құқығы бойынша барлық шартты ратификациялаған. Әйелдер – біздің қоғамымызда басты орында және бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде үлкен үлес қосып жатыр. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу заңнамалық, әкімшілік және басқа да шешімді қабылдайтын шараларды қажет етеді. 2024 жылы диалогқа төрағалықты аламыз. Әйелдердің өмір сапасын арттыру бойынша жұмысты әрі қарай да жалғастырамыз, - деп айтты қырғызстандық сарапшы конференцияда.

Бұған дейін Астанада «Өңірдегі гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрес: тиімді және тұрақты бірлескен шешімдерді іздеу» тақырыбында Орталық Азия елдері әйелдер диалогының халықаралық конференциясы өтіп жатқанын хабарладық. Қазақстан 2023 жылғы диалогқа төрағалықты аяқтады.

Өзгелердің жаңалығы