Солтүстік Қазақстан облысында 170 мектеп Starlink интернетіне қосылады

4 Желтоқсан 2023, 13:20
506
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстан облысында 170 мектеп Starlink интернетіне қосылады
Фото: Артём Чурсинов - архив

Мемлекет басшының тапсырмасы 100 пайызға орындалды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның мәлімдеуінше, 3 жылда 160 астам ауыл интернетке қосылып, оның сапасы жақсартылды.

Бүгінде екі жүз жетпіс бес мың тұрғыны бар без жүз отыз тоғыз елді мекен әртүрлі технологиялар бойынша интернетке қосылған. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 2024-2027 жылдары 304 ауылды талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосу жоспарлануда. «Мемлекет басшысының ауылдағы білім нысандарын жылдам интернетпен қамтамасыз ету» тапсырмасын орындау мақсатында облыс мектептерінің 100 % интернет желісіне қосылған, - деді облыс басшысы ОКҚ-да.

Сондай-ақ әкім байланыс операторларымен бірлесіп жылдамдықты арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Айтуынша, 170 мектеп «Старлинк» спутниктік желісі арқылы қосылмақ.

Өзгелердің жаңалығы