Биыл қыста петропавлдықтар жылудан тағы таршылық көрмей ме? Әкім жауап берді

4 Желтоқсан 2023, 14:21
522
Бөлісу:
Биыл қыста петропавлдықтар жылудан тағы таршылық көрмей ме? Әкім жауап берді
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бұл қыста қандай да проблема болады деп айта алмаймыз. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілі өңір әкіміне «Былтыр Петропавлдағы жылу электр орталығында апат болып, төтенше жағдай жарияланды. 2022 жылғы қыстан зардап шеккен қаланың бірі – Петропавл. Содан кейін жылу электр орталығын жөндеуге ақша бөлінгені белгілі болды. Бұл ЖЭО әлі Клебановқа тиесілі ме? Жалпы жылу электр орталығын жөндеуге қаржыны кім бөлді? Мемлекеттен бе, әлде Клебановтан ба?» деп сұрақ қойды.

Өзіңіз білетіндей, мен 23 қыркүйекте жұмысқа кірістім. Өзім де өнеркәсіп саласындағы адам болғаннан кейін бір аптадан соң сол ЖЭО басына барып, жиналыс өткіздім. Түтін мұржасы деп жатырмыз ғой. 180 метрлік сол мұржаны көтеру керек еді. Сонда конкурстан мердігер компания өтті. Жұмыстарды істеді. Бірақ мұржа 36 метрге көтерілген кезде «отклонение от осьи» (оьстен ауытқу) болды. Қазір жұмыстар тоқтатылды. Бірақ жұмыс кестесі бар. Осьтен ауытқығаннан кейін соны демонтаж жасап жатыр. Желтоқсанның 8-де олар зертхананың шешімі болуы керек. Ол мұржаны түбіне дейін құлата ма, жоқ әлде 21 метрді қалдырып, ары қарай көтере ме – соны қарайды, - дейді әкім ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ғауез Нұрмұхамбетовтің айтуынша, жылу қазандықтарының бәріне инвестор 12 млрд теңге бөлген.

Түтін мұржасына 1,8 млрд теңге бөлінген. Қазандық агрегаттарына, құбыр агрегаттары бар, жылу беретін құбырлар – қалған қаражатты соған бөлді. Солардың қаражаты. Бюджеттен беріп жатқан, бөліп жатқан қаражат жоқ, - деді ол.

Сондай-ақ БАҚ өкілінің «Петпопавлда осы қыста былтырғыдай төтенше жағдай болмайды деп айта аласыз ба?» деген сұраққа әкім былай деді:

Жиналысты менің орынбасарым апта сайын өткізеді. Өзім де 2-3 рет өткіздім. Электр желілерінің де тозған жағдайы бар. Екінші жылу желісінің де мәселесі бар. Бірақ ешқандай апат, ешқандай проблема осы қыста болады деп айтпаймыз. Ондай мәселе жоқ. Апат болған бір мұржаның орнында екі мұржа істеп тұр. Біреуіне жазда 60 млн теңге бөлінді. Екінші мұржаға 100 млн теңге бөлініп, игерілді. Қазір сол екі түтін мұржасы істеп тұр. Құлаған мұржа жоспарда 2023-2024 жылдың жылыту маусымында жұмыс істейді деген жоспар болған жоқ. Кесте бар. Келесі жылы да сол кестемен жұмыс істейтін болса, ерекше бақылаудамыз. Келесі жылдың жылыту маусымында сол мұржа беріледі деп ойлаймын, - дейді әкім.

Өзгелердің жаңалығы