Қазақстандық боксшы Әлем чемпионы атанды

4 Желтоқсан 2023, 12:19
561
Бөлісу:
Қазақстандық боксшы Әлем чемпионы атанды
Фото: Gov.kz

Айсұлу Мұхит бокстан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Qazsporttv арнасына сілтеме жасап.

66 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған қазақстандық спортшы Ереван қаласындағы жастар мен жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатының финалында румыниялық Амалия Тугуяны 3:2 есебімен жеңіп, жарыс жеңімпазы болды. 

Айта кетейік, бұл - Қазақстан ұлттық құрамасының Әлем біріншілігіндегі үшінші алтын жүлдесі. 

Осыған дейін Аяжан Садық (54 келі) және Толғанай Қасымхан (60 келі) жүлделі орынға ие болды. Бүгін Нұрасыл Төлебек (54 келі) Әлем чемпионатының алтынын үндістандық Жатин Жатинмен сарапқа салады. 

Жастар арасындағы Әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін арнамыздың тікелей эфирінен сағат 16:20-дан бастап тамашалай аласыздар, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы