Ләззат Сүлеймен: Әйел учаскеде және күнделікті өмірде өзін заң қорғайтынын білуі керек

4 Желтоқсан 2023, 17:11
613
Бөлісу:
Ләззат Сүлеймен: Әйел учаскеде және күнделікті өмірде өзін заң қорғайтынын білуі керек
Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі

Мұндай пікірді ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы демографиясы саясаты жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Гендерлік зорлық-зомбылыққа төтеп беру және оның алдын алу – ұлттық комиссияның басты мәселесі. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында әйелдерге қатысты әртүрлі зорлық-зомбылаққа төтеп беру, мүлдем төзбеушілік мәселелерін атап өтеді, - деді Сүлеймен.

Комиссия өкілі атап өткендей, Президенттің тапсырмасымен 2021 жылдан бастап әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша іс-шаралар жүргізіліп келеді.

Резонанстық істер ерекше бақылауға алынады. Өткен жылда ұлттық комиссия 1 500-нан астам консультация өткізді. Олар зорлық-зомбылық, суицид бойынша. Биылдан бастап тұрмыстағы зорлық-зомбылық үшін жазалау және жауапкершілік қатаңдатылды. Сондай-ақ денсаулыққа орташа және ауыр залал келтіргені үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін жазаланады. Қазіргі кезде тұрмыстағы зорлық-зомбылық бойынша істерді тіркеуде біз өтініш беруден басқа тәртіпке өттік. Оны әрі қарай криминизациялау жалғастырылып жатыр. Біз азаматтық қоғам өкілдеріне, ҮЕҰ-ға қолдау көрсетуді жалғастыруымыз қажет. Яғни олар тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күресуде өте маңызды рөл атқарады. Олар қолдау көрсетіп, таптаурындармен күреседі және қорланған әр әйел мен баланың көз жасын сүртеді, - деп айтты Ләззат Сүлеймен.

Оның айтуына қарағанда, қазіргі кезде қоғамдық ұйымдардың күші Парламентпен және Үкіметпен бірлесіп жұмыс істегенде күшейе түседі.

Кемсітуді жою мәселелері саяси мүмкіндіктер мен құқықтарға байланысты. Қазақстан әйелдеріне барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, қаржыландыру және әртүрлі білім беру бағдарламалары, IT технологияларды үйрету, электронды коммерция мектептері және т.б. Әрине зорлық-зомбылық мәселелері Орталық Азияға ғана қатысты емес, көп жылдар бойғы адвокацияға қарамастан бұл апат әлі де бар. Оның түп-тамыры кейбір қоғамдық нормаларға, надандыққа және саясатты сауатсыз жүргізуге байланысты. Біздегі заңнамалық негіздерді қайта қарау керек. Бізге арнайы арнайы құқықтық жүйе қажет. Жәбірленушілерге сену керек. Бұл жүйе құқық бұзғандарға тежеуші фактор ретінде жұмыс істеуі керек. Қоғамымызда әйел мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жою керек, - деп айтты ұлттық комиссия төрағасының орынбасары конференцияда.

Сүлеймен қиын жағдайға тап болған әйел қоғамның тарапынан қолдауға ие болуы керегін айтты. Оның ойынша, полицей учаскелерінде және күнделікті өмірінде оны заң қорғайтынын білуі керек.

Әрине қазір зорлық-зомбылық тарихы өте эмоциялық тұрғыдан ауыр. Қазіргі кезде Қазақстанда тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жою бойынша жұмыс атқарылып жатыр, - деп ойын айтты ол.

Елордада «Өңірдегі гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрес: тиімді және тұрақты бірлескен шешімдерді іздеу» тақырыбында Орталық Азия елдері әйелдер диалогының халықаралық конференциясы өткенін еске сала кетейік.

Сондай-ақ Қазақстан Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогына төрағалық етуді аяқтады.

Өзгелердің жаңалығы