Ұшу қауіпсіздігін арттыру бойынша бірқатар іс-шара жүргізілді

4 Желтоқсан 2023, 18:56
514
Бөлісу:
Ұшу қауіпсіздігін арттыру бойынша бірқатар іс-шара жүргізілді
Фото: gov.kz

Көлік прокуратурасы органдарының қадағалау актілері бойынша Көлік министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп авиақауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біріншіден, бұл әуе айлақтарының айналасындағы орнитологиялық жағдайды жақсартуға әсер етті.

Үкімет бекіткен жол картасы шеңберінде Азаматтық авиация комитеті әуеайлақтар маңында құстардың жаппай жиналуына ықпал ететін жағдайларды жою жөніндегі шаралар кешенін іске асыруда, бұл полигондардың орнын ауыстыруды және қоқыс үйінділерін жоюды қамтиды.

Бүгінгі таңда Алматы, Шымкент, Астана және Түркістан қалаларында мұндай полигондар жойылды, ал Орал және Балқаш қалаларында санитарлық аймақтан тыс жерлерге көшіріледі.

Сондай-ақ, құстарды қорқыту үшін пиротехникалық құралдар, биоакустикалық қондырғылар және электронды шулы жүйелері қолданылады. Сонымен қатар енді авиакомпанияларға заң актілерімен құстардың әуе кемелерімен соқтығысуы туралы хабарлау міндеті жүктелді, - деп жазды Бас көлік прокуратурасы.

Жоғарыда аталған іс-шаралардың нәтижелері бойынша әуе кемелерінің құстармен соқтығысуы өткен жылмен салыстырғанда 2023 жылы 58%-ға төмендеді.

Екіншіден, қауіпсіздікті арттыру үшін әуежайлар «соқыр» аймақтарды қоспағанда, бейнебақылаумен барынша жарақтандырылады.

Оған қоса олардың орналасуы, техникалық сипаттамалары және басқа параметрлер бойынша бірыңғай стандарттар әзірленуде, олар командалық ұшу және жер үсті персоналының іс-әрекеттерін объективті бақылауды қамтамасыз етеді.Үшіншіден, әуе кемелерінің паркі жаңартылады, мұздануға қарсы сұйықтықтармен өңдеу бойынша арнайы машиналар сатып алынуда. Осы және басқа бастамалар ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жан-жақты тәсілдің бөлігі, - деді Бас көлік прокуратурасы.

Өзгелердің жаңалығы