Әйел үшін ең қауіпті орын оның үйі болып тұр – Микаэлла Фриберг-Стори

4 Желтоқсан 2023, 17:51
504
Бөлісу:
Әйел үшін ең қауіпті орын оның үйі болып тұр – Микаэлла Фриберг-Стори
Фото: Артём Чурсинов - архив

Әйел үшін ең қауіпті орын оның үйі болып тұр. Бұл туралы БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэлла Фриберг-Стори айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Егер орнықты даму мақсаттарына қол жеткізгіміз келсе, онда әйелдер мен қыздардың құқықтарын кеңейтуіміз керек. БҰҰ-ның Адам құқықтары декларациясының 75 жылдығы қарсаңындамыз. Біз адам құқықтары туралы айтқан кезде осыған көбірек көңіл бөліп, контексте кеңірек қарауымыз керек. Мәдени және саяси, азаматтық, даму, теңдік, кемсітілмеу құқықтар туралы айтамыз. Бірақ біз оған әлі қол жеткізген жоқпыз. Ол үшін бірлесе отырып әрекет етуіміз қажет, - дейді Микаэлла Фриберг-Стори.

Ол заңнаманы жетілдіру керегіне назар аударды. Сөзінше БҰҰ барлық елге тұрмыстағы зорлық-зомбылықты криминизациялауды ұсынып отыр.

Гендерлік зорлық-зомбылықпен айналысатын институттарды күшейтуіміз керек. Полиция, әлеуметтік қызметкерлер, денсаулық сақтау және білім беру институттарын күшейтуіміз қажет. Олар гендерлік зорлық-зомбылық жәбірленушілеріне көмек көрсетуді жақсы білуге тиіс. Саясатта, экономикада және еңбекпен қамтуда әйелдердің рөлі күшейе түсуі қажет. Осының барлығын жасау үшін әлеуметтік нормаларды өзгерту қажет, - деп Фриберг-Стори конференция қатысушыларына ұсынысын айтты.

Микаэлла Фриберг-Стори гендерлік зорлық-зомбылыққа және кемсітуге мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруды ұсынды. Ол өз сөзінде әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғамасақ, барлығын артта қалдыратынымызды айтты.

Әйел үшін ең қауіпті орын оның үйі болып тұр. Олай болмауы қажет, - деп айтты БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі конференцияда.

Елордада «Өңірдегі гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрес: тиімді және тұрақты бірлескен шешімдерді іздеу» тақырыбында Орталық Азия елдері әйелдер диалогының халықаралық конференциясы өткенін еске сала кетейік.

Сондай-ақ Қазақстан Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогына төрағалық етуді аяқтады.

Өзгелердің жаңалығы