Ар-Риядта қазақстандық көркем фильмінің көрсетілімі өтті

4 Желтоқсан 2023, 22:36
622
Бөлісу:
Ар-Риядта қазақстандық көркем фильмінің көрсетілімі өтті
Фото: gov.kz

«Елшінің таңдауы» атты халықаралық кинофестиваль аясында көрермендерге режиссер Алдияр Байрақымовтың «Паралимпиец» атты қазақстандық көркем фильмі ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Картинаның сюжеті белгілі бір мағынада 2018 жылғы Паралимпиада ойындарының чемпионы, шаңғышы Александр Колядиннің тағдырын қайталайды. Оның «алтыны» қысқы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спорт тарихында бірінші болды.

Фильм жергілікті көрермендер мен дипломатиялық корпус өкілдерімен өте жақсы қабылданды. Қарауға келгендер отандық кино актерлерінің ойынын жоғары бағалады. Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын өзінің алғы сөзінде ұлттық киноиндустрияның дамуы және жас қазақстандық режиссерлердің халықаралық жетістіктері туралы атап өтті.

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы елшілігі жыл сайынғы кинофестивальге үшінші рет қатысып отырғанын атап өту маңызды, бұл дипломатиялық корпус пен қалың жұртшылықты Қазақстанның кино өнерімен таныстыруға мүмкіндік береді. Өткен жылы Қазақстан Елшілігі режиссер Ақан Сатаевтың массагет патшайымы туралы «Томирис» тарихи фильмінің көрсетілімін ұйымдастырып, көрермендердің жақсы пікірлерін алған болатын.

Кинофестивальге Қазақстанмен қатар Үндістан, Германия, Вьетнам, Мексика, Венесуэла, Австралия, Испания және Бангладеш сияқты елдер қатысуда.

Өзгелердің жаңалығы