Елордада Халықаралық волонтерлар күніне арналған симпозиум өтті

4 Желтоқсан 2023, 17:00
576
Бөлісу:
Елордада Халықаралық волонтерлар күніне арналған симпозиум өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бүгін Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық волонтерлік желінің қолдауымен, сондай-ақ БҰҰ Еріктілер бағдарламасының қатысуымен келе жатқан Халықаралық волонтерлар күніне арналған симпозиум өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараны ашқан Мәжіліс депутаты Вера Ким қазіргі қоғамдағы волонтерлік қызметтің маңыздылығына тоқталды. Ол өзінің құттықтау сөзінде волонтерлік қызметтің негізгі бағыттарын, оның дамуын және жетістіктердің маңыздылығын атап өтті. Ол волонтерлік қозғалысының жалпыұлттық ауқымының өсіп келе жатқанына тоқталып, қазақстандықтардың жақсылық жасауға, көмек көрсетуге және өмірін жақсы жаққа өзгертуге деген қабілеті дамып жатқанын айтты.

Сонымен қатар депутат «Волонтер болу оңай» атты қысқы мейірім апталығының басталғанын хабарлады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық волонтерлік желі ұйымдастырған бұл бастама қоғам игілігі үшін волонтерлік жобаларды ынталандыру және жүзеге асыруды көздейді және 4-10 желтоқсан аралығында өтеді.

Волонтерлікті қолдау мен дамытуға, атап айтқанда, еліміздің дамуындағы волонтерлердің рөліне және волонтерлік және қайырымдылық қызметі арқылы әлеуметтік әріптестіктің әлеуетін арттыруға Қазақстан Мемлекет басшысы тарапынан ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде Мәдениет және ақпарат Вице-министрі Данияр Қадыров Қазақстан Президентінің белсенді қолдауымен республикалық және халықаралық деңгейде волонтерлікті дамыту бойынша стратегиялық құжаттар мен бастамаларды қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

Келесі жылы АӨСШК-ге мүше елдер волонтерлердің кездесуін өткізеді. Осы тұрғыда Қазақстан өз міндеттемелерін дәйекті және мақсатты түрде жүзеге асырып, ел ішінде және Орталық Азия өңірінде ғана емес, волонтерлік қызмет пен волонтерлердің деңгейін жаһандық деңгейде арттыруға ұмтылуда. Бұл әлеуметтік, экономикалық және саяси салалардағы соңғы оқиғаларға байланысты өте маңызды, өйткені волонтерлар ортақ мақсатқа – бейбітшілік пен ізгілікке ұмтылған ізгі ниетті адамдар, - деп атап өтті вице-министр.

Симпозиум барысында Халықаралық волонтерлер жылын өткізуді және биылғы жылдың тарихы мен маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған Қазақстанның бастамасын қоса алғанда, негізгі тақырыптар қаралды. Әлемдегі волонтерліктің жағдайы туралы 2025 жылғы баяндаманы, сондай-ақ БҰҰ Еріктілер бағдарламасынан Орталық Азиядағы волонтерлердің жағдайы туралы алғашқы баяндаманы дайындау тәсілі ұсынылды.

Сессияда сондай-ақ Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның жетекші волонтерлік ұйымдарының өкілдері өз өңірлерінде волонтерлік бағыттың дамуы туралы ақпаратпен бөлісіп, өңірлік деңгейде волонтерлік бастамаларды одан әрі дамыту туралы өз көзқарастарын білдірді. 

Іс-шара мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ шетелдік елшіліктердің өкілдері мен волонтерлік қызмет саласындағы сарапшыларды жинады, бұл тақырыптың әлемдік аренада маңыздылығын көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы