Алматы облысында оқушылар арасында жаппай төбелес болды

4 Желтоқсан 2023, 06:24
5484
Бөлісу:
Алматы облысында оқушылар арасында жаппай төбелес болды

Оқушылардың топтасып алып жаға жыртысып жатқанын көрсететін бейнежазба әлеуметтік желіге де тарап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Іле ауданы Жапек батыр ауылында болған. Төбелескен – жергілікті мектептің оқушылары. Тексеру барысында анықталғандай, 29 қараша күні 2008 жылы туған 9-сынып оқушысы мен 2007 жылы туған 10-сынып оқушысы арасында келіспеушілік туындап, соңы ұйымдасқан жиынға айналған.

Аталған дерек бойынша бұзақылық әрекеттер жасаған оқушылар әкімшілік жауапқа тартылды. Кәмелетке толмағандардың барлық ата-аналарына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы (кәмелетке толмағанды тәрбиелеу, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша әкімшілік материалдар жиналды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың өздеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабымен (кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық) хаттама толтырылды, – деп хабарлады полицияда.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Психологтар оқиғаға қатысушылармен профилактикалық тәрбие жұмыстарын жүргізді.

Өзгелердің жаңалығы