Елордада «Qysqy jugiru» жарысына тіркелу басталды

4 Желтоқсан 2023, 20:50
492
Бөлісу:
Елордада «Qysqy jugiru» жарысына тіркелу басталды
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Астанада 24 желтоқсан күні Триатлон саябағында жыл сайынғы QYSQY JUGIRU жарысы өтеді. Qysqy jugiru жарысының негізгі қашықтығы – 10 шақырым, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарысқа жоғарыда көрсетілген қашықтықты еңсере алатын ниет білдірушілер (ерлер мен әйелдер) шақырылады: 18-29 жас, 30-39 жас, 40-49 жас, 50-59 жас, 60 жас және одан жоғары.

Ұйымдастырушылардың айтуынша жарыстың мақсаты – елордада бұқаралық спортты кеңінен дамыту, қала тұрғындары мен қонақтары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұлт денсаулығын жақсарту.

Елордада «Qysqy jugiru» жарысына тіркелу басталды

Мәреге жеткен әрбір қатысушыға финишорлық медаль табысталып, әр жас санаттағы жеңімпаздар сертификаттармен марапатталады.

Старттық пакеттер Б.Момышұлы даңғылы, 2б, №1 кеңседе беріледі.

Қатысушыларды тіркеу www.astanatriathlon.kz сайтында жүргізіледі.

Айта кетерлігі, тіркеу қатысушылардың саны лимитке жеткен жағдайда алдын ала жабылуы мүмкін.

Жарыс туралы барлық ақпарат Астана қаласының Триатлон федерациясының әлеуметтік парақшасында жарияланады:
@astana_triathlon.

Өзгелердің жаңалығы