Қар, екпінді жел: Екі облыста автожолдар жабылды

4 Желтоқсан 2023, 02:27
470
Бөлісу:
Қар, екпінді жел: Екі облыста автожолдар жабылды

Күн райының нашарлауына байланысты (екпінді жел, қар) екі облыс аумағында республикалық жолдардың 5 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы BAQ.KZ «ҚазАвтоЖолға» сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облысында – 2 учаске

  1. «Көкшетау - Рузаевка» автожолы (0-61 шақырым аралығы) – «Көкшетау қаласы - Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы» (жүк және жолаушылар көліктері үшін) учаскесі;
  2. «Астана - Петропавл» автожолы (304-341 шақырым аралығы) – «Көкшетау қаласы - Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы» (көліктің барлық түрі үшін).

Солтүстік Қазақстан облысы – 3 учаске

  1. «Көкшетау - Рузаевка» (61-91 шақырым аралығы) – «Ақмола облысы - Саумалкөл ауылы» (жүк
  2. «Астана - Петропавл» (417-473 шақырым аралығы) – «Рублевка ауылы – Бескөл ауылы» (көліктің барлық түріне);
  3. «Астана - Петропавл» (341-417 шақырым аралығы) – «Ақмола облысының шекарасы – Рублевка ауылы» (көліктің барлық түрі үшін).

Осы уақытта республикалық маңызы бар жолдарға 402 техника, 631 адам жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы