Қазақстандық жас теннисшілер Түркияда топ жарды

4 Желтоқсан 2023, 11:59
424
Бөлісу:
Қазақстандық жас теннисшілер Түркияда топ жарды
Фото: ҚТФ баспасөз қызметі

Түркияның Ыстамбұл қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында үшінші санаттағы Tennis Europe турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған жарыста қазақстандық жас теннисшілер жақсы өнер көрсетті. Жекелей сында Роберт Каминский финалға дейін жетіп, бас жүлде үшін бәсекеде ресейлік Никита Бердинге жол берді – 1:6, 2:6. Жұптық сында финалда қазақстандықтар Александр Софрыгин – Егор Сорокин және Аңсар Ниетқалиев – Жантөре Санжарұлы өзара кездесті. Үш сағатқа созылған тартысты матчта Александр мен Егор жеңіске жетіп, чемпион атанды – 1:6, 6:3, 10:8. 

Қыздар арасында қазақстандық Руслана Русланова ресейлік Виктория Хастцаевамен бірге соңғы бәсекеде ресейліктерТатьяна Головина – Мария Масляковаға есе жіберді . Есеп 6:2, 5:7, 6:10 болды.

Өзгелердің жаңалығы