Алматы метрополитенінде қосымша құрам желіге шығарылды

4 Желтоқсан 2023, 18:28
514
Бөлісу:
Алматы метрополитенінде қосымша құрам желіге шығарылды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Енді қарбалас уақытта желіде 11 құрам 5 минут 38 секунд жиілікпен қызмет көрсететін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жолаушылар ағынын сараптау нәтижесінде Алматы метрополитенінде жылжымалы құрам саны көбейтілді.

Алматы метрополитенінде қосымша құрам желіге шығарылды

Оқу жылының басталысымен жолаушылар ағыны 70 мыңнан 90 мыңға дейін өсті. Талдау нәтижесінде жолаушылар саны күніне 100 мыңға дейін көбейгендігі ескеріліп, желіге қосымша құрам шығару туралы шешім қабылданды. 

Әр құрам жалпы сыйымдылығы 900 адамнан асатын 4 вагоннан тұрады.

Еске сала кетейік, Алматы метрополитені 2011 жылғы 1 желтоқсанда іске қосылды, қазіргі кезде 11 станция бар. Әрі қарай 4 станцияның құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы