Все новости за 29 қыркүйек 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Ақмола облысының Целиноград ауданында да құс тұмауы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Целиноград ауданында Жалғызқұдық ауылындағы бір үйден 288 бірдей үй құсы қырылып қалды. Сараптама жасаған мамандар құс тұмауы себеп болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Aikyn.kz.
-
Биыл ел аумағында 700-ге жуық орман өрті тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері елімізде орман өрті салдарынан мемлекетке 4 жарым млрд теңге шығын келді. Бұл туралы «Қазәуеорманқорғау» мекемесі хабарлады.
-
COVID-19. Швеция шектеуді алып тастады, Өзбекстан балаларға екпе сала бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропадағы ең бай елдердің бірі барлық антиковидтік шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады. Швеция Үкіметі вакцинацияның жоғары деңгейіне байланысты карантиндік шараларды алуда.
-
Белгілі дипломат Вячеслав Гиззатов дүниеден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі көрнекті отандық дипломат, Төтенше және Өкілетті Елші Вячеслав Хаменұлы Гиззатов 80 жасқа жақындаған кезде қайтыс болғаны туралы хабарлайды.
-
Вице-министр: Грант иегері атану – үлкен жауапкершілік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілеповтың төрағалығымен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесуі өтті.
-
АШМ: Өткен жылдан екі есе көп техника сатып алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Министр өңір шаруаларымен кездесіп, бірқатар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жұмысымен танысты.
-
Елордада қарттар күніне орай концерт өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам!» атты мерекелік концерті өтті.
-
Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы VI Спартакиада аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті нашар спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VI Спартакиадасы аясында паралимпиадалық емес спорт түрлерінен жарыс өтті.
-
Елордада жасөспірімдер мен студенттерге арналған тегін коворкинг ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында жасөспірімдер мен әлеуметтік осал отбасылардан шыққан студенттер үшін тегін жастар коворкинг ашылды.
-
30 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген ресейлік ШҚО-да ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы 25 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында “Іздеу” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.
-
Аккредиттеу қызметінің құны төмендеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда және интеграция министрлігі ковидтен кейінгі кезеңде кәсіпкерлікті дамытуды қолдау және ынталандыру үшін аккредиттеу қызметтерінің құнын 72 925 теңгеден 51 619 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы министр Бақыт Сұлтанов хабарлады.
-
Аймағамбетов Қостанай колледждеріндегі оқу процесімен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай қаласына жұмыс сапары барысында мектептермен қоса өңірдегі колледждер мен жоғары оқу орындарына да бардым, деп жазды ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында.
-
Елбасы Әзербайжан Мәжілісінің төрағасымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісінің төрағасы Сагиба Гафаровамен кездесті. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.
-
Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесін өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабырлады.
-
Ұлттық орталықта «Ұлы Дала мұрасы» атты пресс-тур өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ұйымдастыруымен Ұлттық орталықтың қорында сақталған ғылыми-мәдени мұраларды кеңінен насихаттау мақсатында қоғам қайраткерлері, бас редакторлар және елімізге белгілі БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Ұлы Дала мұрасы» атты пресс-тур өтті.
-
Сараланып барып салынған акциздер ұлттың жақсаруына әкеледі – зерттеу
Алматы, BAQ.KZ. Инфекциялық емес аурулардың қауіп факторларынан туындаған зиянды азайту жөніндегі «Денсаулық» ұлттық қауымдастығы тауарлардың жекелеген топтарына салынатын акциздерге талдау жасауды ұсынды.
-
Әшімбаев: Әзербайжан – Қазақстанның стратегиялық серіктесі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Әзербайжан Республикасының Милли Меджлисінің төрайымы Сахиба Гафаровамен кездесті.
-
Аймағамбетов «Үздік педагог - 2021» байқауының жеңімпаздарын құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қостанайда білім беру саласындағы маңызды салтанатты іс-шара өтті.
-
Юнус Эмре жырларының түрікше-қазақша жаңа жинағы таныстырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 қыркүйекте Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Мұстафа Шентоп пен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллинның қатысуымен Халықаралық Түркі академиясы Юнус Эмре жырларының түрікше-қазақша жинағын таныстырды.
-
Өзбекстанда 12 жастан асқан балаларды КВИ-ге қарсы вакциналауға рұқсат берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан билігі 12 жастан асқан балаларды covid-19 инфекциясына қарсы вакциналауға рұқсат берді.
-
Маңғыстау облысында қысқы мал азығын қамтамасыз етуге 27 мың тонна шөп қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айсағали Нұғманов мәлім етті.
-
Маңғыстау бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қаржы вице-министрі Маңғыстау облысы бойынша МКД-нің ұжымына жаңа басшысын таныстырды.
-
Вице-министр Қазақстанға дизель отынының Ресейден импортталу себебін түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов хабарлады.
-
Балалар Евровидениесі: Өтінімдер 6 қазанға дейін қабылданады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан 19 желтоқсан күні Париждегі (Франция) La Seine Musicale концерт залында өтетін балалар Евровидениесі-2021 ән байқауына қатысады.
-
Ертең Алматыда дыбысты сирена қосылады
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда 30 қыркүйек күнi сағат 12:55 кезінде дыбысты сирена қосылады.
-
Astana Media Week-2021 аясындағы байқауға 21 компания өтінім берген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің медиа саласындағы басты шарадардың бірі «Astana Media Week-2021» екінші күнінің аясында сарапшылар қауымдастығы қоғам мен БАҚ-тың жаңа, ковидтен кейінгі әлемдегі рөлі жайлы әңгімелеп, Қазақстандағы жарнамалық медиа нарығының перспективаларын талдады.
-
Биыл елімізде дизель отынын өндіру көлемі артқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов хабарлады. Оның айтуынша, биыл соңғы 6 жылдан бері дизель отынын өндірудің ең жоғары көрсеткіші байқалып отырған көрінеді.
-
Ұлттық академиялық кітапханада Индонезия бұрышы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық академиялық кітапханада Индонезия бұрышы ашылды. Іс-шараға Индонезия елшісі Рахмат Промоно мен кітапхана басшылығы қатысты.
-
АвтоХҚКО-лардағы ақау жойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы бойынша автоХҚКО-дағы техникалық ақау жойылды.
-
Эпидемиолог коронавирусты кімдер жұқтырып жатқанын айтты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда негізінен 20-39 жас аралығындағы тұрғындар коронавирус инфекциясын жұқтырып жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
-
Тоқаев пен Вонг Хеанг Файн Алматы облысындағы «G4 City» құрылыс жобасын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Surbana Jurong тобының бас директоры Вонг Хеанг Файнды қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Қазан айында КВИ жұқтырушылар саны тәулігіне 40-қа дейін төмендейді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифингте қалада вирустың әлі жойылмағанын, күн сайын 420-дан астам адамнан вирус анықталып жатқанын мәлімдеді.
-
Қосшы қаласында бірнеше басқарма басшысы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында қала мәртебесін алған Қосшы ауылына жаңа басшылар тағайындалды.
-
Жамбылдағы жарылыста қаза тапқандардың несиелері кешірілді – Сапарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Жамбыл облысының басшысы Бердібек Сапарбаев айтты.
-
ВАК келуші мәртебесін тексермейтін 12 мың қатысушыны Ashyq-тан алып тастамақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
-
Жүйелі шешім керек. Сарапшы шаруаларға бөлінген субсидияға қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкімет ауыл шаруашылығына тағы субсидия бөлетін болды. Агрария үшін жақсы жаңалықты Премьер-министр Асқар Мамин Ұлттық палатаның VIII съезінде айтты.
-
Сейітқали Меңдешев билік органдарын қазақтандыру жолында үлкен еңбек сіңірді – тарихшы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Сейітқали Меңдешев мемлекеттік іс жүргізуге қазақ тілін енгізуді сылтаурата отырып, билік органдарын қазақтандыру жолында үлкен еңбек сіңірді.
-
Қарағанды облысының тауар өндірушілері елордадағы жәрмеңкеде 600 тонна өнім сатады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада ауыл шаруашылығының кезекті жәрмеңкесі осы демалыс күндері, 2-3 қазанда өтеді.
-
Үйдің қымбаттауына себеп болған 3 фактор немесе үй бағасы тағы 30%-ға қымбаттай ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев алдағы жылы үйдің бағасы тағы 30%-ға қымбаттай ма деген сауалға қатысты пікірін білдірді.
-
БАҚ кәсібилігі, объективтілігі және жалпы дәстүрлі медиа саласы үлкен рөл атқарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 қыркүйек күні «Astana Media Week-2021» барысында жоғары халықаралық деңгейдегі оқиға – «Қоғам және БАҚ жаңа, ковидтен кейінгі әлемде» панельдік пікірталасы болып өтті.
-
Министр жұмысқа орналасу, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету мәселесін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды онлайн түрде қабылдады.
-
Еліміз Парижде өтетін балалар Евровидениесіне қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында «Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина хабарлады.
-
Сертификаттау. 28 кәсіпорынға шығынын өтеу үшін қаржы бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифингте «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ басқарма төрағасы Берік Бекенов 28 кәсіпорынға сертификаттауға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қаржылық қолдау көрсетілгенін атап өтті.
-
Шымкентте құны 23 млрд теңге тұратын зауыт іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев Шымкентте құны 23 млрд теңге тұратын зауыт іске қосылатынын мәлімдеді.
-
Көш қызықтары. 30 жылда отызыншы көшті қарсы алған Марат Тоқсанбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл. Дәл сол секілді Тәуелсіз елге ағылған көштің басталғанына да 30 жыл болды.
-
Ауыр атлетикадан ерлер құрамасының аға жаттықтырушысы қызметінен шеттетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Комиссия ерлер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седовты қызметінен шеттету туралы шешім қабылдады.
-
Еліміздің басым бөлігінде күн суытады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс өңірлерді қоспағанда, Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де циклон жырасының ықпалында болады.
-
Маңғыстауда киіктердің үстірт популяциясын сақтау мәселесі талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Табиғи орта» Батыс Қазақстан үкіметтік емес ұйымдары өңірлік ассоциациясы Германияның қоршаған ортасы федералдік министрлігінің қаржылық қолдауымен «Киіктердің үстірт популяциясын сақтау бойынша жергілікті қоғамдастықтарды жұмылдыру» жобасын жүзеге асыруда.
-
Мамандандырылған ХҚКО-да тағы ақау шықты. Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін ала алмайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 қыркүйекте Мамандандырылған ХҚКО жұмысында техникалық ақау шықты.
-
ЭЦҚ. Қазақ пен қырғыз құжат алмасуды электрондық нұсқада жүргізе алады – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап екі бауырлас елдің мемлекеттік органдары мен басшылығы ресми хат жазысу, нота жолдау және тағы да басқа құжат айналымын ЭЦҚ-мен қол қою арқылы электрондық нұсқада жүргізе алады.
-
Ақсай шатқалындағы өртті әлі сөндіріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 қыркүйекте сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Алматы облысы Қарасай ауданының Ақсай шатқалындағы «Іле-Алатау» МҰТП аумағындағы бір учаскеде шымтезек төсеніші түтіндеп, бықсып жатыр.
-
Өңдеу өнеркәсібі: Елде жыл соңына дейін 100 жоба іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев министрліктің жоспары бойынша биыл 128 жоба іске қосылатынын хабарлады.
-
Павлодар облысына қосымша 2 мың тонна көлемінде газ отыны жеткізіледі – АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша ресурс иеленушілермен Павлодар облысына қосымша 2 мың тонна көлемінде газ отынын жеткізу туралы келісім бар, бұл көрсетілген қажеттілікті жабады.
-
Электронды шот-фактураларды жазып беруді шектеу жөніндегі жоба іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік кірістер комитеті адал бәсекелестікті қорғау, «жалған мәмілелерді» ерте анықтау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) пайдалана отырып, тәуекелі жоғары салық төлеушілер бойынша ЭШФ жазып беруді шектеу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосты.
-
Биыл Қазақстан 100 мың көлік шығарады – Марат Қарабаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев биыл елімізде 100 мың көлік өндірілетінін айтты.
-
Қазақстанда дамып келе жатқан салалар белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев елде дамып келе жатқан салаларды атады.
-
1-сыныпқа арналған көмекші құралдағы сөзге байланысты дау шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде 1-сыныпқа арналған көмекші құралдағы «өл» сөзіне байланысты дау шықты.
-
Өзбекстанда жасы 12-ден асқан балаларға вакцина салуға рұқсат етілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанда жасы 12-ден асқан балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуға рұқсат етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
-
Нығматулин Әзербайжан Милли Мәжілісінің спикерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Әзербайжан Милли Мәжілісінің Спикері Сагиба Гафаровамен кездесті.
-
Алматылық кардиохирург жүрекке жасалатын бірегей оталар туралы айтты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 29 қыркүйек Дүниежүзілік жүрек күні. Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жасанды қанайналым зертханасы мен операция блогы бар кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Рүстем Төлеутаев қазіргі инновациялық технологиялар жайлы айтып берді.
-
Пандемия кезінде жүрек-қан тамырлары аурулары мен инсульттан болатын өлім-жітім өскен
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасының орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты Құрманғазы Мадалиев Дүниежүзілік жүрек күніне арналған брифингте айтты.
-
ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі өкілі Аустрияға жұмыс сапарымен барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы 27-28 қыркүйекте ҚР Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан Қазақстанның халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылдарын жандандыру, серіктестік байланыстарын нығайту, сондай-ақ Аустриямен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсатында Венаға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Жамбылдағы жарылыс. Сапарбаев оқиғаның себебіне қатысты өсек-аянға сенбеуге шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
-
Елімізде 1,5 млн-нан астам адам жүрек ауруы бойынша есепте тұр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Роза Қуанышбекова Дүниежүзілік жүрек күніне арналған брифингте айтты.
-
Байзақ ауданындағы үйлер қазанда толығымен қалпына келтіріледі – Сапарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
-
Сапарбаев Қордайда қордаланып қалған мәселелерді атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
-
Qazaqstan tarihy порталының журналисі халықаралық сыйлықпен марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әзірбайжан астанасы Баку қаласында ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымы арнайы бекіткен ТҮРКСОЙ-дың БАҚ саласындағы «Хары Бұлбұл» халықаралық сыйлығын БАҚ өкілдеріне табыстау рәсімі өтті.
-
Сапарбаев Байзақ ауданында шатырда тұрып жатқандар туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
-
Алматыда дүкендерді тонап келген жұп ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда бірнеше ұрлық жасады деген күдікпен жас жігіт пен қыз ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Димаш Құдайберген Қытайға оралғанын жариялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайға оралу туралы шешімін Instagram-дағы парақшасында мәлім етті.
-
Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
-
UEFA: «Реал Мадрид» ұтылып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чемпиондар лигасы топтық кезеңі екінші турының сегіз ойыны өтті. Аталған топтық матчтарда күтпеген сенсациялар тіркелді.
-
Алматы облысында интенсивті бақ өсіру қарқын алып келеді
Алматы, BAQ.KZ. Соңғы жылдары Алматы облысында бақ өсірудің интенсивті түрі қарқын ала бастады. Көптеген шаруашылықтар озық технологияларды игеріп, соның арқасында сапалы өнім алуда.
-
Өткен тәулікте шетелден 4 947 авиажолаушы келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 28 қыркүйегінде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды.
-
Аманжан Еңсебаев. Қазақ дикторлар мектебі. Ағалар жолы
Сол «Менің Тоғжаным» дегенде Жәнел апайдың көзіндегі қуанышты көрсеңіздер! Әнекеңе деген мейірім, сүйіспеншілік, Әнекеңе деген шынайы махаббат!
-
Елордада 30-дан астам аула клубы жұмыс істейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 30-дан астам спорттық және шығармашылық аула клубы жұмыс істейді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
-
Республиканың 4 өңірі «жасыл» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 29 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Індетке шалдыққан 848 адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 29 қыркүйектегі ақпарат жарияланды.
-
Коронавирус пневмониясынан 10 адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлады coronavirus2020.kz.
-
COVID-19. КВИ белгілері бар пневмонияның 220 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 29 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жариялады.
-
2857 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 2857 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшелері тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жарлығымен Орталық сайлау комиссиясының жаңа екі мүшесі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 925 жағдай тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 925 жағдай тіркелді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
-
Биыл индустрияландыру картасы аясында 128 жоба іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл 1,2 трлн теңгеге 128 жоба іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды kursiv.kz.
-
Қазақстандық авиакомпания ішкі рейстердің тарифтерін төмендетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Эйр Астана» 2021 жылдың 1 қазанынан бастап ішкі бағыттар бойынша эконом-класстың шекті тарифтерін 10%-ға төмендетеді, деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметі.
-
ШҚО-да ұрылар 10 млн теңге сақталған сейфті алып кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы тұрғынының үйінен сейфті ұрлағандар видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды zakon.kz.
-
Каспий түбі тереңдетіліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Каспийдегі теңіз түбі маусым айынан бастап тереңдетілуде. "Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В." компаниясы қазіргі күні жұмыстардың батыс учаскесіндегі негізгі бағыттағы бөлігі аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
-
Қазақстандық спортшы Африка чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аян Бейсенбаев триатлоннан Африка кубогіне қатысып, елге жеңіспен оралды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Елордада жыл басынан бері 3250 интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жыл басынан бері 3250 интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді. Бұл туралы Криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Талғат Бөлегенов мәлімдеді.
-
Қырғызстанда шылым шегуге тыйым салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров темекі шегуге қарсы күрес туралы заңға қол қойды. Бұл туралы «Кабар» агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық кардиология және терапия орталығының директоры Ақпай Сарыбаев мәлім етті.
-
Жапония билігі төтенше жағдай режимін жоюды мақұлдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапония билігі 1 қазаннан бастап коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимін жоюды мақұлдады. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Биыл 42 киножобаны қаржылай қолдау жоспарланған – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтоты Райымқұлованың мәдениет, спорт, туризм және архив салаларында атқарылып жатқан жұмыстар туралы есебін тыңдады.
Наверх