Биыл елімізде дизель отынын өндіру көлемі артқан

29 Қыркүйек 2021, 17:21
2844
Бөлісу:
Биыл елімізде дизель отынын өндіру көлемі артқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов хабарлады. 

Оның айтуынша, биыл соңғы 6 жылдан бері дизель отынын өндірудің ең жоғары көрсеткіші байқалып отырған көрінеді.

Биыл дизель отынын өндіру көлемі 4,9 млн тоннаны құрайды. Бұл 2015 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Қарқын бойынша біздің мұнай өңдеу зауыттарымыздағы өндіріс тұрақты түрде өсуде. Жалпы ағымдағы жылдың 5 айында тұтыну мамыр мен қыркүйек аралығында 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 480 мың тоннаға және 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 246 мың тоннаға жоғары болды, - деп атап өтті вице-министр.
Айта кететін жайт, еліміздегі бөлшек сауда бағасы көрші елдерге қарағанда айтарлықтай төмен. Осылайша бұл транзиттік көлікте дизель отынын тұтынудың артуына және толып кетуіне ықпал етеді.
2018 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы көтерме бағаның айырмашылығы тоннасына шамамен 20-30 мың теңгені құрады. Бұл шекара маңындағы облыстардағы автомобиль жанар-жағармай құю станцияларындағы дизель отынын импорттауға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта көтерме бағаның айырмашылығы тоннасына 80-90 мың теңгені құрайды, - деді Әсет Мағауов.
Сондай-ақ Ресейде жанар-жағармайдың көтерме бағасы әлемдік мұнай бағасының өсуімен бірге өскен.

Ал ведомство басшысының айтуынша, Қазақстанда осы кезде бұл бағалар аздап қана өзгеріп отырған.
Өзгелердің жаңалығы